102 сурет
.
Нәрестелер маститі.
Емдеу.
Эпидемияға қарсы шаралар кезкелген
іріңді аурулар пайда болғанда,
науқасты перзентханадан соматикалық ауруханаға аударудан басталады.
Іріңді ауру
анықталған палатаға басқа нәрестелерді қабылдауды тоқтатып, тиісті санитарлық-гигиена-
лық шаралар жүргізеді, қатынаста болған нәрестелердің жаялықтарын, көрпелерін аусты-
рып, өздеріне бифидумбактерин тағайындайды. Іріңді арулар анықталған палатада бірге
болған балалардың тересін күнделікті, қайта құндақтау кезінде ұқыпты қарап тұру керек.
Жергілікті ем.
Науқас баланың дене қызуын қалыпты ұстау маңызды болып келеді.
Таза, жұмсақ жаялықтармен (қатты жаңа жаялықтар нәрестенің терісін жаралайды)
қамтамасыз ету өте қажет болып келеді. Бөлмедегі ауа күніне 4
рет желдендіріліп,
бактерицидті шаммен залалсысдандырылып (сеанс кезінде баланың бетін жауып қояды)
тұруы керек.
Жалпы ем стафилодермиялардың орташа және ауыр түрлерінде антибакетриальды,
инфузиялық, витаминотерапия түрінде жүргізіледі. Иммунитетті қалыптастыруға бағыш-
389
талған ем тағайындалады. Антибиотиктерден жартылай синтетикалық пенициллиндерге,
цефалоспориндердің 2-3 ұрпақтарына көңіл аударады.
Іріңді аурулар байқалатын нәрестелерді емшек сүтімен,
инфузиялық емді ескере
отырып, тамақтандырды. Анасының
емшегінен ірің шығатын болса,
емшекті емізуге
болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: