Сабақ №6 «Акушерлік және гинекология» пәні бойынша Мамандық: 1513000 Ветеринария



Дата07.02.2022
өлшемі24,8 Kb.
#96595
түріСабақ
Байланысты:
сүт безі аурулары


Зертханалық сабақ №6
«Акушерлік және гинекология» пәні бойынша
Мамандық: 1513000 – Ветеринария
Тақырып: Сүт безі ауруларын емдеу және зерттеу. Емшекті катетеризациялау техникасын меңгеру
Сабақтың мақсаты: Желінің анатомиясын және сүт безі бөлшектерін ажырата білу. Сонымен қатар, жануарлардың сүт безі аурулары кезіндегі күтімі.
Сүт безі аурулары
Желін анатомиясы.Сиырдың сүт безі 4 бөлшектен тұратын безді ағза. Олардың әрбіреуі емшекпен аяқталады. Кейбір сиырларда екеуден, кейде төртеуден тұратын қосымша бөліктер болады. Әдетте олар нашар дамыған. Қосымша болектерде мен емшек жолдары болмайды. Емшек терісінде жун жамылғысы аз: желіннің артқы бетінде олар астынан жоғары және жан-жакка «сүт айнасын» құрастырып өседі. Сүт айнасы дамыса, онда сиыр сүттi деп саналады. Сүт айнасынын пішіні, формасы және көлемі өзгеріп отырады. ЖeлiH құрсақ қабырғасының вентралдық жағына тығыз орналасқан. Желіннің негізгі бөліктері: безді тін, шығарушы тармақтар, интерстициалдық дәнекерлі тiн, қан, лимфа тамырлары және жуйкелер. Сүт безінің оң және сол жартылары бір-бірiнен желіннің ілініп түратын сіңірімен бөлінген. Терінің астында әpбір желіннің жартысын жауып түратын үстіңгі сүт бездерінің фасциясы орналасса, оның астында желінді бірнеше бөліктерге бөлетін өздік фасциясы орналасқан. Желіннің паренхимасы безді альвеолардан және шығаратын тармақтардан түрады. Альвеолалар сүт бөлетін, құратын секрециялық жасушалармен төселген. Альвеолдардан ұсақ тармақтар тарайды. Олар бір-бірiмен қосыла отырып орташа тармақтар құрайды . Орташа тармақтар астына қарай емшек жаққа бағытталап косылады да, 12-50 кең шығаратын тармақтар құрайды. Олардан сүт жолдары басталады. Сүт жолдары цистернаға қосылады (құйылады). Сүт цистернасы—желіннің паренхимасына дейін созылып жатқан емшек қуысы. Ол сүттің резервуары болып саналады. Желін eкi жартыдан түрады, eкi емшегі болады, желіннің әр жартысы алдыңғы және артқы ширекке бөлінеді, бірақ ол сыртынан білінбейді. Әpбір ширегінің өз альвеолалары мен сүт жолдары емшектен 2-3 арна болып ашылады. Қой, ешкінің желіні eкi жартыдан түрады, ширекке бөлінбейді, eкi емшегі болады. Шошқаның желіні қарнының eкi жағында қатарласып тізбектеліп, 8-12 жұп болып орналасқан, ор емшегінің ұшында 2-3 арна болады.
Лактацияға әсер eтетін факторлар:

  1. Сауу кезінде немесе емген кезде пайда болатын жуйке импульстері ол орталық жүйке жүйесіне келірп, сүт безінің қызметін не күшейтеді, не тежейді.

  2. Гормондар: фолликулин, прогестерон, пролактин, окситоцин. Бұл гормондардың әсерiнен альвеолдар өсіп, көбейіп, жетіліп түседі де, лактация басталады.

  3. Иіс сезу, көзбен кору, құлағымен есту рецепторлары мен дәм сезу рецепторлары арқылы түceтін тітіркендіргіш импульстер де лактацияны не күшейтіп не тежеп тастауы мүмкін. Атап айтқанда, айқай-шу, урып-соғу, бөтен кісілер, сауыншылардың жиі ауысып отыруы лактацияға кepi әсер етеді. Керісінше дәмді жемшөп беріп, жылы сөзбен келіп, малды сипау, азырақ массаж жасау, сауып алған соң құрғатып сүртіп, майлап кою сиырдың сүттілігін арттырады.

Төлдегеннен кейінгі 4-5 күн бойы емшектен уыз шығады. Уыз — жаңа туған төлдің өсіп дамуы үшін аса қажетті қоректік зат, оның құрамында альбумин, глобулин сияқты ақуыздар, май, А, Д, С, В витамин макро және микроэлементтер, ферменттер және әр түрлі инфекциялы аурулардан қорғайтын иммунды заттар бар. Желін ауруларының алдын алу. Сүт безінің ауруларына және аномалиярына агалактия, гипогалактия сүт тастары, сүт бездерінің туындылары және iciктepi, цистернасының таралуымен жаралар, канды сүт, лакторея және желінсау жатады. Малды ұрып-соғу, жарақаттану, микробтар — стрептококк, стафилококк, т.б. eнуi, желіндегі микробтардың ауру жұқтыру, ішек–қарын аурулары салдарынан улану, сауын стакандарының лас болуы, сиырды мезгілінде саумау, сауған кезде оның сүтін сарықпау, сауын аппаратының дурыс жумыс icтемeyi, вакуум тәртібінің бұзылуы, стакандарды ұзақ ұстаудан желінге салқын тигізу, малды дурыс азықтандырмау, оған сапасыз азық беру — мінe, мұның бәpi ауруларына әкеліп соғуы мүмкін. Желін ауруларының түрi көп. Әсіресе, желінсауды емдеу ойлағандай натиже бермейді. Сондықтан оның алдын алатын, жүйелі түрде жүргізілетін шаралардың жоспары болуы керек, ол жоспар зоотехниялық, агротехниялық, ветеринариялық және шаруашылық-ұйымдастыру шараларын щамтиды. Атап айтқанда, жалпы зоотехникалық, малдәрігерлік шаралар мына бағытта жүргізіледі:

  1. Дұрыс азықтандыру. Рационда бірыңғай жем немесе сүрлем болмай, азықтардың ар түрлі құрамы болып, оның ішінде кальций, фосфор тұздары, А және Д витаминдері жеткілікті болуын қадағалау керек. Әсіресе, шіріген, көгерген, үсіген жемшөпті бермеу керек және жемшөптің бір түрiнен екіншісіне бірден ешқандай дайындықсыз ауыстыра салуға болмайды.

  2. Дұрыс бағып-куту. Малдық тұрған жері құрғақ, таза болып, өкпек желден сақтау керек. Күнделікті таза ауаға серуендетеді. Мал қорадан шығарғанда, кepi айдап қақпадан қысылмай сүрініп-жығылмай жүретіндей жағдай жасау керек. Күн сайын малдың сауырын, құйрығын тазалап турады.

  3. Дұрыс пайдалану. Тууға 1,5-2 ай қалғанда сиырды суалту керек. Саууды бірден тоқтатуға болмайды, әcipeсе, сүттi сиырларды 7-8 күннің ішінде біртіндеп суалтады. Суалған малдың желінін 2-3 аптада бір рет залалсыздандырып, май, дәрі жағып қояды. Сауын сиырдың желінін сауар алдында 2-3 минут бурын жуып сүртіп уқалап дайындайды. Машинамен сауғанда сау агреғаттарының тазалығына, режимнің бұзылуыуа көңіл бөледі. Жаңа бұзаулаған сиырды алғашқы 10 күнде қолмен сауып, кейіннен машинамен саууға ауыстырады. Сауып болған соң сиырдың емшегін құрғатып сүртіп майлап қояды.

  4. Малдәрігерлік-санитарлық бақылау. Ай сайын сиырларды жасырын желінсауға димастинмен тeкcepiп тұрады. Жем-шөптің сапасы аграрлың зертханада тексеріліп, ағзадағы зат алмасу құбылыстарын малдың қанық тексеру арқылы анықтап, сол сараптамалардың нәтижесі бойынша рационның құрамына түзетулер енгізіп отырады.

Мұнымен қатар мал дәрігердері сиырлардың жалпы енсаулығына әсіресе жыныс ағзаларымен ас қорыту ағзаларына, ферманық санитарлық жағдайына үздіксіз бақылау жасап тұрады.
Бақылау сұрақтары:

  1. Желін анатомиясына сипаттама беріңіз?

  2. Лактацияға әсер eтетін факторлар?



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет