Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


Жүрек жетіспеушілігін емдеу



Pdf көрінісі
бет948/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   944   945   946   947   948   949   950   951   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

Жүрек жетіспеушілігін емдеу.
Негізгі ауруды емдеу керек (ТЖА, кардит, аритмия,
т.б.) 
Жалпы шаралар:
1. Физикалық жүктемені азайту, төсек режимі.
2. Гипоксияның клиникалық белгілері көрінгенде маска арқылы салқындатылған,
ылғалдандырылған оттегіні беру.
3. Метаболикалық бұзылыстарды қалыптастыру. 
Миокардтың жиырылу қабілетін арттыру.
Жүрек гликозидтері
миокардтың жиырылуын күшейту арқылы жүректің минуттық
көлемін арттырады. Тандау препараты дигоксин. Дигитализацияны екі сатмымен
жүргізеді. Бірінші сатыда қанықтырушы дозаның жартысын енгізеді, ал 12-24 сағаттан соң
1\4 енгізеді. Екінші сатыда сүйемелдеуші доза тағайындайды, 12 сағат сайын
қанықтырушы дозаның 1\8 ( тәуліктік доза 1\4). 
Дигоксиннің қанықтырушы дозасы:
1.
екі жастан
кіші балалар үшін – 0,025-0,035 мг/кг;
2.
екі жастан
үлкен балалар үшін – 0,01-0,025 мг/кг;
3.
үлкендерде
– 0,25 мг тәулігіне.
Көктамырға енгізгенде
дигоксиннің дозасын 25%-ға төмендетеді.
Дигоксин
хинидинмен, верапамилмен және амиодаронмен әсерлеседі (қосып тағайынағанда
дигоксин мөлшерін 50%-ға төмендетеді). Дигоксинмен улану болғанда ырғақ пен
өткізгіштік бұзылады, асқазан ішек, жүйке жүйесі бұзылыстары орын алады.
Басқа инотропты дәрілерді
жедел жүрек жетіспеушілігі артериальдық гипотензия-
мен жүргенде немесе жүрек гликозидтерінен әсер болмағанда қолданады. Дофамин 5-
10мг/кг дозада көктамырға тамшылатын енгізеді, аздаған дозадан бастап (2 мкг/кг минут)
және біртіндеп көбейтеді. Кері әсері 10 мкг/кг минутына болғанда көрінеді (шеткі қан
тамыр кедергісінің жоғарылауы, жүрек соғу жиілігінің артуы). Добутамин дофаминнен
нәтиже болмағанда тағайындайды. Адреналинді ең соңында таңдайды, 0,2-1,0мкг/кг
дозада көктамырға тамшылатып. Амринон жүрек лақтырысын күшейтеді. Қанықтырушы
дозадан кейін (1-3 мг/кг) инфузиялық препаратты 5-20мкг/кг минут дозада тағайындайды. 
Жүктемеден кейінгіні төмендету.
Шұғыл ем.
Көктамырға натрий нитропруссид минутына 0,5мкг/кг дозада әсері
көрінгенше немесе артериялық қысым 10%-ға төмендегенше енгізеді. Препараттың
орташа дозасы минутына 3мкг/кг максимальды дозасы минутына 8 мкг/кг. Оны тек
реанимация бөлімінде қолданады. Сонымен қатар, 0,1-25мкг/кг/минут есебінен
көктамырға нитроглицерин тағайындайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   944   945   946   947   948   949   950   951   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет