183-бап. Денсаулық сақтау ұйымдары қызметкерлерінің еңбек қатынастары 1. Денсаулық сақтау ұйымдары қызметкерлерінің еңбек қатынастары Қазақстан
Республикасының еңбек
заңнамасымен реттеледі.
2. Мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу
Қазақстан Республикасының еңбек
заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге
асырылады.
3. Ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың, оның ішінде білім беру мен ғылыми
ұйымдар басшыларын және олардың орынбасарларын қызметке тағайындауды және
қызметтен босатуды уәкілетті орган жүзеге асырады.