От басының қайтып қосылуы (10 статья). Бала мен оның ата-аналарының
қарым-қатынастарын сақтау үшін немесе отбасын қайта құру мақсатында өз елдеріне
көшіп келуге, сондай-ақ кез келген елден көшіп кетуге құқығы бар.
Заңсыз көшіп қону немесе қайтпау (қайтармау) (11 статья). Мемлекет баланың
ұрлануынан ата-анасының біреуімен немесе үшінші жақпен шетелде ұсталуына жол
бермеуі керек. Орын алған жағдайда керекті шараларды жүзеге асыруға міндетті және
құқылы.
Баланың көзқарастары (12 статья). Бала өз көзқарастарының еркін білдіруге құ-
қылы және балаға қатысты кез келген мәселеде оның көзқарыстарына көңіл бөлінуі керек.
Ойын білдіру еркіндігі (13 статья). Шекараға тәуелсіз бала ойын еркін білдіруге,
ақпарат алуға, ақпарат беруге құқылы.
Ойлау, ар-ождан және дін еркіндігі (14 статья). Ата-анасының қамқорлығындағы
балалардың ойын, ар- ождан, дін еркіндігін мемлекет құрметтеу керек.