Отбасынан айырылған балаларды қорғау (20 статья).
Мемлекет отбасынан
айырылған балаларға әлеуметтік қорғауды, отбасылық жағдайда немесе белгілі әлеуметтік
мекемелерге орналастыру арқылы, қамтамасыз етуі керек. Бұл іс-әрекеттер баланың
мәдени тегінде ескеру керек.
Бала асырап алу (21 статья).
Бала асырап алу мақұлданатын және/немесе рұқсат
етілетін мемлекеттерде бұл тек баланың мүддесі үшін, жоғары билік орындарымен рұқсат
етілген жағдайда, сонымен қатар балаға кепілдік болғанда жүзеге асырылады.
Қашқын-балалар (22 статья).
Қашқын-балаларды немесе қашқын статусын алуға
тырысып жүрген балаларды мемлекет ерекше қорғаныспен қамтамасыз етуі керек.
Мемлекет, осындай қорғаныспен қамтамасыз ететін компонентті мекемелермен бірлесіп
жұмыс жасауы керек.
Мүгедек-балалар (23 статья).
Мүгедек бала ерекше күтімге, толыққанды, еркін өмір
сүруге мүмкіндік беретін білім алуға құқылы.
Достарыңызбен бөлісу: |