Әлеуметтік қамтамасыз ету (26 статья). Бала, әлеуметтік сақтандыруды қоса,
әлеумттік қамсыздандырудың жақсылығын пайдалануға құқылы.
Өмір деңгейі (27 статья). Әрбір бала оның физикалық, ақыл-ойлық, рухани, мәдени
және әлеуметтік дамуына әсер ететін өмір деңгейін таңдауға құқылы. Ата-анасы осы
деңгейді қамтамасыз етуге міндетті. Мемлекеттің міндеті осыны жүзеге асыратын ортаны
құру. Мемлекттің міндетіне ата-анасы мен балаларына материальдық көмек көрсету енуі
мүмкін.
Білім беру (28 статья). Бала білім алуға құқылы, мемлекеттің міндеті ақысыз және
міндетті бастапқы білімді қамтамасыз ету, орта білімді кеңейту, мүмкіндігіне сай жоғары
білімді қол жетімді ету. Мектеп баланың құқығы мен оның құндылықтарын сыйлауды
қамтамасыз ету керек. Мемлекет осы құқықтарды жүзеге асыру үшін халықаралық
қауымдастықтарды арттыруы қажет.
Білім алу мақсаттары (29 статья). Білім тұлғалық, ақыл-ойлық, дарындық және
физикалық мүмкіндіктерін максимальды дамытуға бағытталуы керек. Білім баланы еркін
қоғамдағы белсенді ересектік өмірге, ата-анасының өзінің, өзгеніңде мәдениеті, тілі мен
құндылықтарына деген құрметпен тәрбиеленуі керек
.