Қауымдастық еркіндігі (15 статья).
Бала басқа адамдармен қарым-қатынас
жасауға, қауымдастыққа енуге және оны құруға құқылы.
Жеке өмір сүру құқықтарын қорғау (16 статья).
Балалардың жеке, отбасылық
өміріне араласудан, балағаттау мен үгіттеуден қорғануға құқылы.
Тиісті мәліметке қол жеткізу (17 статья).
Мемлекет балалардың әлеуметтік және
мәдени дамуына әсер ететін мәліметтер беретін ақпарат көздеріне қол жеткізуге
мүмкіндік беруге және балаларды зиянды ақпараттардан қорғауға міндетті.
Ата-аналардың жауапкершілігі (18 статья).
Бала тәрбиесінде негізгі
жауапкершілік ата-аналарда , ал мемлекет оларды бұл бағытта қолдап отырады. Мемлекет
бала тәрбиесінде ата-аналарға тиісті көмек көрсетіп отыру керек.
Зиянды әдеттер мен ұқыпсыз қарым-қатынастан сақтау (19 статья).
Мемлекет
Баланы ата-анасының немесе жауапкершілігі бар басқа адамдардың жаман қарым-
қатынасынан қорғау керек және зиянды әдеттердің алдын алу мен зардап шеккендерді
емдеудің сәйкес әлеуметтік жобаларын құруы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |