Аз топтарға және тұрғылықты халыққа жататын балалар (30 статья). Аз топқа,
тұрғылықты халыққа жататын балалар өз мәдениетін, ана тілін қолдануға, дінін
уағыздауға құқылы.
Демалыс, бос уақыты, мәдени өмірі (31 статья). Бала дем алуға, мәдени,
шығармашылық өмірге араласуға құқылы.
Бала еңбегі (32 статья). Бала оған денсаулығына, біліміне, дамуына кері әсер ететін
жұмыс тапсырылғанда қорғануға құқылы. Мемлекет жұмысқа алуға минимальды жасты
және еңбек жағдайының талаптарын тағайындау керек.
Есірткілерді заңсыз қолдану (33 статья). Балалар заңсыз есірткі және психотропты
заттарды қолданудан, өндіру мен сатудан қорғалуға құқылы.
Сексуальды қанау (34 статья). Мемлекет баланы сексуальды қанаудан, жезөкшелік
пен парнографиядан қорғау керек.
Сауда, контрабанда, ұрлау (35 статья). Мемлекеттің міндеті баланың
ұрлануын,сатудың және олардың контрабандасын болдырмауға бар күшін салуы керек.