Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


ЕРТЕ ЖАСТАҒЫ АУРУ БАЛАЛАР БӨЛІМШЕЛЕРІНІҢ ЖҰМЫС



Pdf көрінісі
бет115/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

ЕРТЕ ЖАСТАҒЫ АУРУ БАЛАЛАР БӨЛІМШЕЛЕРІНІҢ ЖҰМЫС
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Орта буын медицина қызметкерлерінің жұмыс орны өзі жұмыс істейтін
палаталардың қасына орналасуы керек. Ауру балаға керек жарақтың барлығы постыда
болуы тиіс. Посты палаталар арасында, коридорда ұйымдастырылады. Постыда дәрі-
дәрмек, құрал-саймандар сақталатын шкаф болады. Ауру тарихын сақтайтын жәшікшелер,
стол үстінде электр шамы мен телефон болуы қажет.
Балалар бөлімшесінің бокстары. 
Бокстың негізгі міндеті жұқпалы ауруларды және
ауруханада жұқпалы аурудың тарауының алдын алу үшін, жұқпалы ауру туралы күдік
пайда болғанда, балаларды оңашалау (изоляциялау). Бокстар ашық және жабық (жартылай
бокс) болып бөлінеді. Ашық бокстарда аурулар керуеттердің арасына орналастырылған
қалқанмен бөлінеді. Ашық бокстарда оңашалау толық жетілдірілмеген, сондықтан ол
сілекей жұқпалы аурулардың тарауынан толық қорғай алмайды. Жабық бокстар
палатының төбеге дейін жететін шыныланған қалқамен бөлінген есігі бар бөлігі. Әр
бокста табиғи жарық көзі, дәретхана, балаларға қызмет көрсетуге керекті медициналық
және тұрмыстық бұйымдардың жиынтығы болуы керек. Бұндай оңашалаудың кемшілігі
бокстардың бөлімшенің жалпы дәлізіне ашылатыны.
Жабық, жеке Мельцерлік бокстар соңғы заманға сәйкес ең қолайлы оңашалауға
мүмкіндік береді. (Мельцер боксы 1906 жылы қолдануға ұсынған Петербургтік инженер 3.
Ф. Мельцердің атымен аталған). Мельцер боксының конструкциясы бұндағы аурулардың
барлық емдеу уақытында басқа аурулармен ұшыраспауын толық қамтамасыз етеді. Науқас
бала өзіне арналған боксқа бірден көшеге (сыртқа) ашылатын есіктен кіреді, ал егер басқа
ауруханаға ауыстыру немесе ауруханадан шығару керек болса, сол есіктен қайта шығады.
Жаңа ауруды бұл Мельцер боксында ылғалды мұқият жасалған дезинфекциядан кейін ғана
жібереді.
Әрбір дербес бокс әдетте төмендегі жайлардан тұрады: Бокстық ауыз үй (тамбурлы
дәліз); палата немесе байқау бөлмесі (бұл жерде бала барлық даралау уақыт бойы болады);
ыссы және салқын су жүйесі, раковинасы және унитазы; қызметкерлерге арналған шлюз.
Науқастарға бокстан ішкі дәлізге шығуға қатаң тиым салынады. Медицина
қызметкерлері шлюзге ішкі дәлізден кіреді де, сыртқы есігін тығыздап жабады, қолын
жуады, қажет болса екінші халат, бас киім киеді, содан кейін ғана бала жатқан жайға
кіреді. Шығарда осы қимыл керісінше жүйелі түрде орындалады. Жұқпалы аурудың
таралуының алдын алу үшін, дәлізден кіретін шлюздің есігін ашқанда, шлюзден бала


жатқан жайға кіретін есік тығыз жабық болуын қадағалау керек. Тағамдар ауруға сол үшін
жасалған терезе арқылы беріледі.
Егер бокста жел шешекпен (қарамықпен) ауыратын бала жатса, оңашалау өте қатал
сақталуы керек. Ішкі шлюздің бөлімше дәлізіне ашылатын есігін тас қылып бітеп, әйнегін
қағазбен жапсырып тастайды. Қызметкерлер көшедегі есік арқылы қатысады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет