Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет118/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

БАЛАЛАР САНАТОРИЯСЫ.
Ауру балаларға емдеу мен реабилитациялық және
жалпы сауықтыру шараларында көбінесе табиғаттың физикалық әсерлерін, емдік
тағамдар, емдік дене тәрбиесімен және физиотерапиялық тәсілдерін тиісті емдеу, еңбек
(мектепте оқу) және демалыс тәртіптерін сақтай отырып, пайдаланылатын емдеу-алдын-
алу стационарлық мекеме. Соңғы мерзімде санаторий және курорттың қызметтерінің
маңызы ұлғайып келеді.
Балалар санаториясы мамандандырылған курорттық зоналарда ұйымдастырылады.
Сонымен қатар, жергілікті санаторийлар (олар қаланың сыртында, жақсы микроклиматы
бар жерлерде орналастырылады) болыпта бөлінеді. Балалардың ата-аналарымен бірге
емделуін және демалуын ұйымдастыруға да үлкен көңіл бөлінеді. Бұндай жағдайларда
балаларды емдеу ана мен балаға арналған санаторийлар мен пансионаттарда, мектептегі
демалыс уақытында әдейі ана мен балаға арналған бөлімдер ұйымдастырылып, санаторий-
профилакторияда жүргізілетін емдеу және демалыс шараларына үлкен көңіл бөлінеді.
БАЛАЛАР ҮЙІ.
Жетім балаларды, сонымен қатар тастап кеткен және дене
құрылысының немесе психикалық жетілуіне зақым келген балаларды асырап күтуге,
тәрбиелеуге және медициналық көмек көрсетуге арналған мекеме. 
БӨБЕКТЕР ҮЙІ
– 3 жасқа дейінгі тастамды немесе ата – қамқорлығысыз қалған
балалар тәрбиеленетін денсаулық сақтау мекемесі. Олардың қуаты 30–100 керуеттен артық
болмауы керек. Жастарына байланысты – емшек жасындағы балалар, кішкене, орташа
және үлкен топтар болып бөлінеді. Бөбектер үйінен ата-анасы балаларды алып кеткенде,
басқа балалар асырап алғанда шығарылады. Олар 3–4 жасқа толғанда халыққа білім беру
министрлігінің немесе саяси қамсыздандыру министрлігінің (жарымжан балалар үшін)
балалар мекемесіне ауыстырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет