2. Эмбриональд ы (ұрықтық) кезең – ұзақтығы 5–6 аптаға созылады. Бұл кезеңнің негізгі ерекшелігі
болашақ баланың барлық ішкі мүшелерінің пайда болуы және олардың дамуы
(органогенез) болып табылады. Сондықтан, тератогендік факторлардың (ішкі және
сыртқы) әсері ауыр және диспластикалық (кері даму) кемістіктердің пайда болуына әкеліп
соқтырады. Құрсақ ішінде дамудың 3–7 апта аралығындағы мерзім ең қауіпті кезең болып
табылады. Баланың ерекшеліктерін зерттеу және оны қорғауға бағышталған жұмыстарды
осы кезеңнен бастау керек.