Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет124/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

Перинатальды кезең 
– бекітілген мәліметтер бойынша бұл кезең жүктіліктің 28-ші
аптасынан туылғаннан кейінгі 7-ші күн аралығын қамтиды. Қазақстан Республикасы ДДҰ-
ның мүшесі болып, оның декларациясын қабылдағаннан кейін, бұл кезең жүктіліктің 22-
ші аптасымен туылғаннан кейінгі кезеңнің 7- ші күні аралығын қамтиды деп есептеледі.
Жаңа туылған (нәрестелік) кезеңде бала өкпемен тыныс алып, құрсақ іші
гемодинамикалық жолдарының жабылуына (артериялық өзектің және сопақша тесіктің)
және өкпе тамырларында қан айналымының артуына, энергия алмасуымен
терморегуляцияның өзгеруіне байланысты кіші қан айналу шеңбері жұмыс жасай
бастайды. Бұл кезеңге барлық жүйелер мен мүшелердің, әсіресе, орталық жүйке
жүйесінің, толық жетіспеушілігі сай болып келеді. Бұл кезеңнің ерекшелігіне, 
шекаралық
жағдай деп аталатып, патологиямен шектесіп жатқан көптеген әрекеттік (функциялық)
өзгерістер жатады. Жаңа туған нәрестеде кейбір жүйелер мен мүшелердің ақаулары,
туылудың, құрсақ ішінде тұншығу (асфиксия) әсерлерінің белгілері, миға қан құйылу, сал
(паралич) және салдану (парез), нәрестенің гемолитикалық ауруы, токсоплазмоз, ұшпа,
грипп, жас нәрестелер қарсы күресе алмайтын бактериалы жұқпалы аурулар байқалады.
Бұл жұқпалы аурулар кіндік, тез зақымдалатын тері арқылы өтіп, пиодермияға, кіндік
қалдығының қабынуына, сепсис ауруына жиі шалдығуына ықпалын тигізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет