Медициналық этика нормаларымен сай емес: Өзіндік жарнаманы, егер ол елдің заңдарымен және Ұлттық медицина
қауымдастығымен этикалық кодексімен рұқсат етілген болса, жүргізуі керек.
Дәрігердің өзіне жолданған науқас үшін комиссиялық ақы төлеуіне немесе кез келген
мекемеге, маманға науқасты жолдағаны үшін төлемақы алуына, медициналық
көрсеткіштері болмаса да ем тағайындағаны үшін ақы алуына болмайды.
Дәрігердің науқасқа байланысты міндеттері. Дәрігер өзінің адам өмірін сақтаудағы міндетін үнемі есінде ұстауы керек.
Дәрігер, егер науқасқа қажетті тексеру, емдеу шаралары оның кәсіби
мүмкіндіктерінен асып кетсе, басқа әріптестерінің көмегіне жүгінуге міндетті.
Дәрігер өзі емдеген нақас қайтыс болғаннан кейін де дәрігерлік құпияны сақтауы
керек.
Дәрігер, ол басқа адамдардың барлық қажетті көмекті көрсетуге ниеті мен мүмкіндігіне
сенімді болған жағдайлардан басқа барлық уақытта мұқтаждарға тиісті жедел көмек
көрсетуге міндетті.
Дәрігерлердің бір- бірімен қарым –қатынас жасаудағы міндеттері:
Дәрігер әріптестері өзіне қандай қарым-қатынас жасағанын қаласа, өзіде
әріптестерімен солай қарым-қатынас жасауы керек.
Дәрігер өз әріптестерінің пациенттерін өзіне қаратып алмауы керек.
Дәрігер Дүниежүзілік медициналық қауымдастығы мақұлданған «Женева
декларациясының» қағидаларын сақтауы керек.