Балашт ү с І п қ алие в б а л алара у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет151/495
Дата06.02.2022
өлшемі11,76 Mb.
#80101
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   495
Байланысты:
Балалар аурулары (МЖОО «Стоматология» факультеті студенттеріне арналған)

Алдын алу шаралары:
Жедел респираторлы аурулардың алдын алу, организмнің 
қарсыласуын күшейту шаралары, бөлме ішіндегі ауа тәртібін орындау, дене шынықтыру, 
массаж, гимнастика.
6.1.3.2. ЖЕДЕЛ БРОНХИОЛИТ 
Бронхиолит – 
ұсақ бронхтар мен бронхиолдардың жайылып зақымдалуы, осының 
әсерінен тыныс жолдарының обструкциясы пайда болып, тыныс тарылуы байқалады.
Бұл аурумен негізінен 2 жасқа дейінгі балалар ауырады және ол вирусты-жұқпалы 
аурудың алғашқы үш күнінде пайда болады да, тұмаудан басталады. 
Бұл жағдайда ұстамалы жөтел пайда болады. Ұйқысы мен тәбеті бұзылып, бала 
мазасызданады, құсуы мүмкін. Дене қызуы әдетте субфебрильді болады, тахикардия, 
көгеру, беттің цианозы байқалады. Ентігу пайда болып, 1 минутта тыныс саны 60-қа дейін 
жетеді. Одан да жиілеуі және тыныс шығаруы қиындайды, терең ысқырған сырыл пайда 
болып, кеуде кебеді (кеуденің алдыңғы артқы көлемі үлкейіп кетеді), өкпенің барлық 
беттерінде қорабты дыбыс анықталып, бауыр жүрек қуысының үстіндегі өкпе дыбысының 
тұйықталуы аймағы кішірейеді. 
Аускультативті көрінісі барлық өкпе бойынша тыныс алғанда да, шығарғанда да 
көптеген ұсақ көпіршікті және сықырлайтын сырылдар естіледі. Бұл «ылғалды» өкпе 
суретіне жөтел кезінде өзгеретін немесе жоғалып кететін орташа және ірі көпіршікті
ылғалды сырылдар қосылуы мүмкін және сонымен қатар, ысқырып естілетін құрғақ
сырылдар да байқалады. Беткей, жиі тыныс алу кезінде құрғақ сырылдар жоғалып кетеді. 
Тыныс шығару ұзарады. 
Бауыр мен талақ қабырға жиесінен бірнеше сантиметр төмен анықталады, яғни 
үлкейеді, өкпе кепкен жағдайда ысырылуы мүмкін. Бронхиолитпен ауырған балаларда су-
тұз алмасу құбылысының бұзылуы жиі байқалады, яғни жиі құса бергендіктен, эксикоз, 
ацидоз пайда болады. 
Шеткі қанды зерттегенде: қан өзгеріссіз болады немесе вирусты инфекцияға тән 
өзгерістер байқалады. 
Рентгенограммада өкпенің кебуі әртүрлі дәрежеде байқалады. Екі жағында да 
өкпенің мөлдірлігі күшейеді, өкпенің түбірінің реактивті құбылысы айқын білінеді де, 
оның құрылысы бронхиолиттің жайылуына пропорционалды төмендейді. Науқастың 


261 
жағдайының ауырлығы тыныс жетіспеушілігіне байланысты болады, кейде ұстамалы 
апноэ немесе толықсу байқалады.
Обструктивті бронхит пен бронхиолит көбіне РС вирусты, парагриппозды және 
жұқпалы ауруларда пайда болады, олардың ерекшелігі бронх ағашының онша терең 
зақымдалмауы болып есептелінеді. 
Бронхиолиттің патофизиологиялық механизмінің дамуы обструктивті синдромға 
байланысты. Бронхтардың қабырғалары ісініп, инфильтрация болған жағдайда олар 
қалындайды, ұсақ бронхтар мен бронхиолдардың қуысы тарылады, сонымен қатар, 
эпителий өзгеріп, шырындар мен клеткалық детриттер жиналған кезде де, дәл осындай 
жағдайлар байқалалады. Ұсақ бронхтардың қуысының тарылуынан, тыныс алуға қапыл 
қарсылық күшейеді. 
Өкпенің әртүрлі бөлігіндегі обструкцияның болмауы, ауаның бір қалыпты жайылуын 
қиындатып, өзгертеді де, тыныс жетіспеушілігін одан әрі күшейтіп жібереді. Обструкция 
дәрежесі өскен сайын, гипоксия да күшейіп, гиперкапния қосылады. Гиперкапния 1 
минуттағы тыныс саны 60-тан артқан кезде ғана анықталады. 
Ажыратуы:
Бронхиолит көбіне пневмония сияқты анықталады. Олардың ортақ 
белгілері тыныс жетіспеушілігі, өкпенің кернеп, кебуі, ұсақ көпіршікті және сықырлауық 
сырылдардың естілуі. Бронхитте көбіне обструктивті синдром (жөтел, тыныс шығарудың
ауырлауы, кеуденің жұмсақ жерлерінің тарылуы) байқалса, бронхопневмонияда
тыныстың бұзылу дәрежесі ауыр болады да, қандағы өзгерістер анық білінеді. 
Пневмонияда физикальды өзгерістер жергілікті болады, яғни, сырылдар, бронхофония, 
тыныстың әлсіреуі, перкуссия дыбысының тұйықталуы белгілі бір жерде анықталады. 
Обструктивті синдром бронхит пен бронхиолитке тән. Пневмонияда барлық уақытта да 
өзіне тән рентгенологиялық өзгерістер болады.
Тәжрибеде әуелі обструктивті синдромның дәрежесін бағалау керек. Ол анық 
білінген жағдайда, бірінші ретте бронхиолит жөнінде ойлап, тыныс жетіспеушілігіне 
қарсы емнің барлық түрін қолдана білу керек. 
Бронхиолит пен, әсіресе обструктивті бронхит клиникалық көзқараста, көбіне 
бронхиальды демікпенің ұстамалы кезеңін еске салады. 
Бронхиолит пен ұстамалы демікпенің байланысын түсіндіру үшін, біршама 
гипотезалар ұсынылады. Ерте жастағы балалар демікпесінің пайда болуына әкелетін РС 
вирусты инфекцияның сенсибилизациялаушы қасиеті жөнінде пікірлер бар. Басқа
көзқарастар бойынша бронхиолит пен обструктивті бронхиттер осы инфекциялардың 
әсерімен, аллергиялық реакциялар конституциялық бейім балаларда ғана пайда болады 
екен. Бұл көзқарастар осы балаларда кейін көп жағдайда демікпе ауруының 
қалыптасуымен дәлелдейді. Осы гипотезалардың қосындысынан РС вирусты инфекция 
жасырын аллергиялық аурудың дамуына ықпал етіп, жағдай тудырады, деген қонымды 
қорытынды шығаруға болады.
Демікпе жұқпалы инфекциядан кейін тез ұстайды. Тыныс шығарудың ұзару дәрежесі 
жоғары болады және жас шамасына байланысты бронхиттың динамикасы байқалады. 
Адреналин беру жақсы ажырату белгісі болып саналады, себебі ол демікпенің ұстамасын 
тоқтатады немесе жеңілдетеді, ал, керісінше, ол бронхиолиттің обструкциясына әсер 
етпейді. 
Емдеуі:
Ем ауруханада жүргізіледі. Ең бірінші – жоғары тыныс жолының 
өткізгіштігін жақсарту керек, яғни мұрынды тазартып, кілегейді сорғызып алу керек және 
мұрынға тамшы дәрі тамызылады. 
Ауаны ылғалдаудың ең тиімді жолы науқастың жақсы желдетілетін және жылуы 22-
24
о
С болып тұратын жылы бөлмеге орналастырып, орталық жылу жүйесінің көздеріне 
ылғал шүберектер жауып, ауаны қосымша ылғалдайтын ионизаторлар немесе әдейі 
ылғалдатқыштар қосуды қамтамасыз ету керек. 
Аэрозольтерапия: физиологиялық ертіндімен, натрий бикарбонатының аэрозолімен 
демалдыру, егер қақырық созылмалы болып, оған тұзды сілтілі ингаляция көмектеспесе, 


262 
протеолитикалық ферменттер (трипсин, химотрипсин) қосылған аэрозольды қолдану 
керек. Ферментті аэрозольдер тәулігіне 1-2 рет қолданылады. Мукосальвин сияқты 
муколитиктен 5мл-ден, бронхолитиктерден – эуфиллин, адреналин қосылған қоспамен 
булы демалдыруға болады.
Бронхиолитте үнемі оң қысымның күшімен дербес демалдыру әдісі кеңінен
қолданылады (УОКДД-СДППД): тыныс жолында сынап бағанасы бойынша 4-12мм 
шамасында, үнемі артық қысым микроателектаздырдың жайылып, өкпенің функциялық 
қалдықтық сиымдылығының көбеюіне «ауа айналу: қан айналу» қарым-қатынасының 
қалыптасуына, альвеолардағы тін аралық ісіну мен экссудацияның азаюына, сурфактант-
тың көбеюіне ықпал етеді. УОКДД полиэтиленді қаптардың көмегімен жасалады. 
Эуфиллинді бұлшық етке, венаға және ішуге, мезгіліне 1кг дене салмағына 10 мг-
нан, 6-8 сағат сайын тағайындалады (тәулігіне 1кг дене салмағына 20мг-нан аспауы керек, 
оның әсері 30-60 минуттан соң байқалады, ұзақтығы 5-7 күн).
Кортикостероидты гормондардан – преднизолон (3-5 мг/кг), гидрокортизон (5-10 
мг/кг) 2-3 күн бойы қолданылады. Бұл гормондарды венаға, бұлшық етке, ингаляция 
жолымен қолдануға болады. Сонымен қатар, гистаминге қарсы әсер ететін, зәр жүргізетін 
дәрі-дәрмектер қажеттілігіне байланысты қолданылады. 
Ауыр жағдайларда зат алмасу бұзылыстарын толықтырып, пайда болған ауру 
белгілеріне сай емдер қолданылады. 
Алдын-алу шараларына ауру баланы қатан түрде бөлектеп, оқшау ұстаұ, 
шынықтыру, табиғи жолмен тамақтандыру жатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   495




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет