Балашт ү с І п қ алие в б а л алара у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет152/495
Дата06.02.2022
өлшемі11,76 Mb.
#80101
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   495
Байланысты:
Балалар аурулары (МЖОО «Стоматология» факультеті студенттеріне арналған)

Бронхиолиттердің емі: 
Протеолитикалық ферменттердің ингибиторы: Контрикал (500 ЕД/кг 2-3 рет 
тәулігіне); 
Нестероидты қабынуға қарсы препараттар метиндол 1мг/кг 3 рет ішкізіледі
Гепаринотерапия 50 ЕД/кг тері астына тәулігіне 6 рет егіледі; 
Кейбір ауруларда жағдайын, 2,4% эуфиллинді – 0,3 - 0,4мл /кг есебінен, сосын 0,1-
0,2 мл/кг есебіне 4 сағат сайын жасау, науқастың жағдайын жақсартады; 
Седативті препараттарды қолдануға болмайды
Сальбутамол 0,15мг/кг есебінен арасына 20 минут салып, 3 рет қолданылады. 
Осылай венталин, бередуал сияқты дәрілерді қолдануға болады. 
Глюкокортикоидтар қолданылады, егер:
1. Тыныс жетіспеушілігінің ІІІ дәрежесінде жергілікті аэрозоль түрінде гидрокорти-
зон 3-5 мг/кг, парентеральды венаға 1-3мг/кг преднизолон қолданылады. Гормондарды 2-3 
күн ішінде тез алып тастау керек. 
Постуральды дренаж, массаж. 
6.1.3.3. ЖЕДЕЛ ОБСТРУКТИВТІ БРОНХИТ 
Жедел обструктивті бронхит, обструктивті синдроммен, яғни экспираторлы ентігу-
мен, бірге жүріп отырады. 20-25% бронхиттер, жедел обструктивті синдроммен өтеді.
Этиологиясы:
Респираторлы вирустар, микоплазмалар, хламидиялар. Ерте жастағы 
балаларда респираторлы синцитиальды вирустар, цитомегаловирустар, аденовирустар.
Бейімдейтін себептер: ЭКД, лимфатико-гипопластикалық диатез, атопиялық диатез. 
Патогенезі:
Жоғарға тыныс жолдарының обструкциясы патологиялық процесстер 
әсерінен кеңірдек пен бронхтың тарылуына байланысты, тыныс жолындағы ауа жүрісіне
кедергі пайда болуы: қабырғаның жуандауы, қалындауы, бронхиальды бұлшық еттердің 
тартылуы. Ерте жастағы балаларда көбіне кілегей қабатының ісігіне және бронх 
санылауына экссудаттын бөлінуі.
Клиникасы: 
Бастапқы вирусты инфекцияның белгілерімен сипатталады: температу-
раның жоғарлауы, жоғарғы тыныс жолдарында катаральды белгілердің пайда болуы. 
Жалпы жағдайының нашарлауы. Бірте-бірте тыныс жиілігі жиілейді және дем шығару 


263 
қиындайды, ентігу байқалады, демін ысқырып шығарады, себебі экссудаттын 
жинақталуына байланысты. Бронхтардың зақымдалуы жайылмалы болғандықтан, қатқыл 
тыныс және сырылдар барлық өкпеде естіледі. Ентігу көбейген сайын дем шығарған
кезде кеуденің жұмсақ жерлері тартылып, өкпе кебеді, пероральды цианоз байқалады, 
терісі бозғылт, бала мазасызданады, өкпенің көлемі ұлғаяды, себебі баланың кеудесі 
барлық уақытта дем алу жағдайда болады. 
Аурудың ағымы 7-12 күн. Перкуссия жасағанда тимпаникалық дыбыс анықталады. 
Рентгенограммада түбір айналасындағы өкпенің суреті күшейеді, қабырғалардың 
горизонтальды орналасуы, яғни өкпенің үрілу белгілері байқалады.
Ажырату: обструктивті, аллергиялық аурулармен, бөгде денелердің болуы. 
Емі.
Обструктивті ұстаманы емдеу үшін ең бірінші небулайзер арқылы вентолинмен 
(0,5 -1,0мл ертіндісіне 2мл физ. ертіндісін қосып) ингаляция жасалады. Вентолиннен басқа 
беродуал немесе сальбутамол қолдануға болады. Небулайзер арқылы дәріні жіберу, 10-15 
минуттан соң жағдайын жақсартады. Небулайзер арқылы 0,5% сальбутамол ерітіндісі 0,2- 
0,4мл изотоникалық ерітіндісі бір ингаляцияға, маска арқылы 8мл/мин. беріледі 
(71 
кесте).
Небулайзер жоқ болса, б/етке сальбутамол 0,2мл 2-12 ай; 0,4мл 2-4 жасар 
жасалады. Обструктивті бронхиттің ауыр түрлерінде 1 сағатта 20 минут сайын 3 рет 
жасалады. Жағдайы жақсарған кезде тәуелігіне 3-4 рет жасаған жөн. 
Ингаляциялық ем тиімсіз болған жағдайда Эуфиллин тәулігіне 12–15мг/кг 
салмағына, 4 ретке бөліп 6 сағат сайын жібереді. Бірінші дозасы 7мг/кг, кейін үш аптаға: 
1,5мг/кг 12 сағат сайын, 3-6 апта 2,0мг/кг 12 сағат сайын, 3-6 ай 3-4мг 6 сағат сайын, 6-16 
жас 5-6мг/кг 6 сағат сайын қылып өзгертеді.
Көк тамырға 2,4% ерітінді бірінші 4-6мг/кг тамшылатып 100-150мл изотоникалық 
ерітіндімен жіберіледі. 
Орташа жағдайда сальбутамол ішуге (1мг 2-4 айда, 2мг 2-4 жаста) беріледі. Емдік 
дене шынықтыру. Фитотерапия. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   495




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет