334
Шеткі қанда эозинофилия, болар-болмас нейтрофилез, аллергиялық лимфоцитоз
байқалады.
Демікпенің дамуы:
ұстама алды кезеңі, ұстама кезеңі, ұстамадан кейінгі кезең
және
ұстамалар арасындағы кезең
болып бөлінеді.
Ұстама алды кезеңінде баланың мінез-құлқы өзгереді, тәбеті бұзылады. Себепсіз
күле беруі мүмкін, дене қызуы өзгермей-ақ жөтеліп, мұрынынан су ағады, терісі қышып,
мұрыны, тамағы жыбырлайды. Дене қызуы субфибрильді көрсеткішке дейін көтерілуі
мүмкін. Терісі бозарып, құрғақ «құс терісі» байқалады, алақандары, табаны, қолтығы
суланады. Беті ісініп, беті, көзқарасы мазасызданып, қарашығы үлкейіп, аздап экзофтальм
байқалады. Даусы жіңішкеріп, сөзін аяқтамайды, түшкіріп, мұрнынан су көп ағады.
Перкуссиялық дыбыстың әлсіз тимпаникалық реңі, бірен-саран шашыраңқы сырылдар
естіледі. Тахикардия, несеп бөлінуінің азаюы байқалады.
Бұл кезеңнің ұзақтығы әртүрлі болады, яғни бір науқастың өзінде минут, сағат, кейде
1-3 тәулікке дейін соғуы мұмкін. Кейде, әсіресе 1 жасқа дейінгі балаларда бұл кезең
болмайды.
Ентігу, тыныс алудың қиындауы және тұншығу келесі, тұншығу кезеңіне тән
белгілер болып саналады.
Ұстама әдетте кешкі мезгілде немесе түнде басталады. Ұзақтығы бірнеше минуттан
бірнеше сағатқа, күнге дейін созылады.
Достарыңызбен бөлісу: