Балашт ү с І п қ алие в б а л алара у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет269/495
Дата06.02.2022
өлшемі11,76 Mb.
#80101
1   ...   265   266   267   268   269   270   271   272   ...   495
Байланысты:
Балалар аурулары (МЖОО «Стоматология» факультеті студенттеріне арналған)

асқазандағы сұйық-
тықпен өңештің және аралас мүшелердің зақымдалуынан пайда болатын, біртіндеп 
үдейтін созылмалы ауру.
Этиологиясы.
ГЭРА-нің дамуының тікелей себебі гастроэзофагальды рефлюкс (ГЭР) 
– асқазандағы сұйықтықтың өңешке қайталап түсуі болып келеді. ГЭР себебі болуы 
мүмкін: 
1.
гастроэзофагеальды аймақ аурулары: 
- өңештің төменгі сфинктерінің жетіспеушілігі; 
- көк еттің өңештік тесігінің жарығы; 
- өңештің рецепторларының рефлюкстік заттарға сезімталдығының жоғарлауы; 
2. жиірірек ваготониямен нейроциркуляторлы дисфункция;
3. омыртқа жотасының аурулары (сколиоз, остехондроз және т.б.). 
ГЭРА пайда болуына келесі факторлар ықпал етуі мүмкін: 
1. алиментарлық: ретсіз тамақтану, тағамдарды жиі тез ауыстырып отыру, құрғақ тамақ 
ішіу, шектен тыс көп тамақ ішу, рафинирленген, шошқа және қой майлы, дөрекі 


436 
клетчаткалы тағамдарды, ашытқыларды шектен тыс көп ішу, тағамды ыссы немесе 
салқын күйінде ішу; 
2. ауыр физикалық салмақтар түсу, вибрациялар, қызып кету; 
3. нервтік-психикалық бұзылыстар; 
4. экологиялық себептер (ішетін судың жағдайы, тағамдарда ксенобиотиктердің болуы, 
топырақта нитраттардың болуы); 
5. дәрілер қабылдау (холинолитиктер, тынышталғыштар, ұйықтатындар, нитраттар, 
теофиллин, ß-блокаторлар, кальций каналдары блокаторлары және т.б.); 
6. шылым шегу; 
7. тағамдық аллергия. 
Патогенезі.
Негізінде клегей қабатының зақымдаушы әсер ету қабылеті бар, асқазан 
сұйықтығының өңешке түсуі жатады.
Маңызы бар:
• ГЭР-дің жиілігі мен ұзақтығы; 
• өңештің қайта түсетін қышқылдардың босана алу (өңештің 5 минуттан артық 
қышқылдануы) жылдамдығының төмендегілердің нәтижесінде төмендеуі: 
-
өңештің активті перистальтикасының бұзылуы (өңеш дискинезиясы, эзофагоспазм); 
-
слекей мен клегейдің сілтіліендіру қабылетінің төмендеуі, жергілікті бикорбонатты 
кедергінің және клегей қабатының регенерациясының әлсіреуі. 
Жіктелісі.
ГЭРА-ның (ГЭР, эзофагит) типті және типті емес (эндоскопиялқ 
позитивті және негативті) түрлерге бөледі. Савари және Миллерэндоскопиялық жіктелісі 
бойынша төрт дәрежеге бөледі: 
І-ші дәрежесі – өңештің шеткі бөліктеренің гиперемиясы; 
ІІ-ші дәрежесі – бір-бірімен қосылмаған өңеш эрозиясы; 
ІІІ-ші дәрежесі – қослыған эрозиялар; 
ІV-ші дәрежесі – өңештің созылмалы ойық жарасы, тарылуы (стеноз). 
Клиникалық көрінісі.
Негізгі белгілері: 
-
ащы (өт қосындысы), қышқыл ауамен кекіру, түнде регургитация нәтижесінде 
«жастықта дақ» байқалуы мүмкін; 
-
күйу (эпигастрия аймағында, төс артында күйу сезімі байқалады). Күйу сезімі әдетте 
емдәм бұзылғанда (майлы тамақ, қуырылған тамақ, кофе, газдалған сусындар 
ішкенде), шектен тыс көп тамақ ішкенде күшее түседі; 
-
төс артында, семсер тәріздес өсінді артында, әдетте ұстама тәріздес, жүрек тұсына, 
мойынға, жаурын аралығына берілетін, ауырсынудың пайда болуы; 
-
өңештің орта және жоғары үштігінің әсер етуіне және асқазандағы сұйықтықтың 
әсерінен жиі респираторлы бұзылыстар (ларингоспазм, алғашқы айлардағы 
балаларда апноэ, бронхоспазм, бронхиальды астманың түнгі ұстамалары, 
қайталанған пневмониялар) байқалады. 
Диагностикасы.
Эзофагиттің негізгі диагностикалық әдісі – кардияның және 
өңештің клегей қабатының жағдайын бағалауға, көздеп биопсия алуға мүмкіндік беретін 
эндоскопия. 
Өңешті ұзақ рН-метриялау (рН-мониторинг – «Гастроскан-24») рефлюкстің жиілігін, 
ұзақтығын, айқындылығын бағалауға мүмкіндік береді. Қалыпты жағдайда рН-7,0-7,5, 
рефлюксте – 4,0 және оданда төмен болады.
Бариймен өңешке Рентгеноскопия жасау контрастық заттың жүру жылдамдығын, 
оның тонусын, регургитацияның болуын, көк ет жарығын анықтауға мүмкіндік береді.
Өңеш импедансометриясы ГЭР-дің жаугершілігін және биіктігін, өңеш клиренсінің 
жылдамдығын, рефлюксаттың көлемін анықтауға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   265   266   267   268   269   270   271   272   ...   495




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет