Балашт ү с І п қ алие в б а л алара у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет265/495
Дата06.02.2022
өлшемі11,76 Mb.
#80101
1   ...   261   262   263   264   265   266   267   268   ...   495
Байланысты:
Балалар аурулары (МЖОО «Стоматология» факультеті студенттеріне арналған)

Диагностикасы.
Барлық науқастарда ЖҚЖ-ге патогноматикалық болып келетін 
антинуклеарлы антидене анықталады. Диагностикалық тұрғыдан, 50-80% науқастарда 
анықталатын, LE-жасушалар маңызды болып келеді. Зәрде эритроциттер, лейкоциттер, 
белок және цилиндрлер анықталуы мүмкін. Ауру кезкелген ревматикалық процесс және 
басқа жағдайлар (бактериальды эндокардит, антифосфолипидті синдром, Лайм-
боррелиоздегі артрит) түрінде дамуы мүмкін. 


430 
ЖҚЖ диагнозын қою үшін, науқасты бақылау барысында бірден немесе бірінен соң 
бірі пайда болатын, 11 критериялардың 4-уі болуы керек 
(106 кесте).
Ем
сауықтырмайды, дегенмен көп жағдайда аурудың үдеуін жойып, мүгедектіктікті 
болдырмайды. Ем активті болуы керек. Стероидты емес қабынуға қарсы дәрілерді 
қолданудың тиімділігі төмен. Айқын клиникалық көрінісі байқалса таңдамалы ем болып, 
тәулігіне 2-3 мг\кг есебінен тағайындалған ГК (преднизолон) есептелінеді. 
 
106 КЕСТЕ 
ЖҮЙЕЛІ ҚЫЗЫЛ ЖЕГІНІҢ ДИАГНОСТИКАЛЫҚ КРИТЕРИЯЛАРЫ 
Критериялары 
Белгілері 
Бет сүйегі деңгейінде 
және ұртындағы бөрт-
пелер 
Дискоидты бөртпелер 
Фотосезімталдық 
Ауыз қуысында жара-
лардың пайда болуы 
Артрит 
Серозит 
Бүйректердің 
зақымдалуы 
Неврологиялық 
бұзылыстар 
Гематологиялық 
бұзылыстар 
Иммунологиялық
бұзылыстар 
Антинуклеарлы 
антидене 
Жалпақ немесе тері үстіне шығып тұратын, мұрынерін 
қыртысында байқалмайтын, бекітілген эритема. 
Айналасында қабыршақты және фолликулярлы тығынды 
шамалы жоғары эритроматозды дақтар, уақыт өте атрофиялық 
тыртықтар дамиды. 
Күн көзіне жоғары реакция нәтижесінде терілік бөртпелену. 
Ауыз қуысында және мұрынжатқыншақта ауырсынбайтын 
жаралар 
Ауырсыну, ісінуі немесе жалқық (экссудат) байқалатын екі 
немесе оданда көп буындардың эрозиясы жоқ артриттер 
Плеврит-плевриттік ауырсыну, плевралардың үйкелу шуы неме-
се плевра қуысында экссудат бар екендігінің құралжабдықтық 
дәлелдері. Перикардттардың үйкелу шуының болуымен, ЭКГ 
және УД зерттеулермен дәлелденген перикард қуысында экссу-
даттың болуы дәлелденген перикардит. 
Тәулігіне 0,5 г-нан артық тұрақты протеинурия 
Цилиндрлер (эритрацитарлық, гранулярлық, аралас). 
Құрысулар, ұстамалар 
Психоздар 
Ретикулоцитоз байқалатын гемолитикалық анемия. 
Лейкопения – 4000 жасушадан аз 1 мкл-де. 
Лимфопения – 1500 жасушадан аз 1 мкл-де.
Тромбоцитопения – 100 000 жасушадан аз 1 мкл-де. 
Оң LE- тест 
Нативты ДНК-ға антидене титрының жоғарлауы 
Смит антигеніне антиденелердің (Sm-антиденелері) анықталуы 
Кем дегенде 6 ай бойына сифилиске реакцияның жалған оң 
болуы 
Жегі тәріздес синдром индукциялауға қабылетті дәрілер 
қабылдамағанда АНА титрінің артуы. 
Активтілігі төмендеген кезде, ұзақ мерзім қолданылатын, интермиттирленген 
қабылдау жобасына ауысуға болады. Имунодепрессивті препараттардан жиі циклофосфан 


431 
(3-5мг\кг) немесе циклоспорин (5-6 мг\кг) күнде қолданылады. Көзге көрінетін тиімділігі 
3-4 аптадан кейін байқалады, сондықтан ГК-мен қосарлап қолдану қажеттілігі туады.
Иммунодепрессантар қолдануға көрсеткіштер: 
1.
процесске көптеген мүшелер мен жүйелердің, әсіресе бүйректің қатысуымен 
байқалатын жоғары дәрежелі активтілік; 
2.
айқын жағымсыз әсеріне (стероиджинақтау әсері) байланысты ГК-ның «басу» дозасын 
төмендету қажеттілігі. 
Жедел дамуында басынан бастап гормональды-цитостатикалық тағайындалу керек, 
пульс-терапия (метилпреднизолон 30 мг\кг-ға дейін, кейде циклофосфанмен 10-15 мг\кг 
есебінен қосарланады). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   261   262   263   264   265   266   267   268   ...   495




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет