Балашт ү с І п қ алие в б а л алара у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет273/495
Дата06.02.2022
өлшемі11,76 Mb.
#80101
1   ...   269   270   271   272   273   274   275   276   ...   495
Байланысты:
Балалар аурулары (МЖОО «Стоматология» факультеті студенттеріне арналған)

Алдын-алу:
ауру алдын-алу үшін тиімді тамақтану мен тамақтану гигиенасын ұсыну 
керек. Асқазанның кілегей қабатын зақымдайтын заттарды ұзақ қолданбау керек. 
Жағымсыз, тұрып қалған тағамдарды қолданбау керек. 
10.1.4. СОЗЫЛМАЛЫ ГАСТРИТ 
 
Созылмалы гастрит – 
асқазанның кілегей қабатының созылмалы, рецедивті, 
үдеуге бейім қабынулы-дистрофиялық зақымдалуы. 
Созылмалы гастрит (СГ) – полиэтиологиялық ауру. Созылмалы гастриттің жиі себебі 
болып балалар арасында мыналар саналады: 
• алиментарлы фактор (91%). Оларға: ретсіз тамақтану, құрғақ тағамдар жеу, ащы, 
майлы тағамдар қолдану, рационда ақуыз, витаминдердің жеткіліксіздігі, 
синтетикалық тағам қоспаларын, кофе, алкоголь пайдалану; 
• психо-эмоциональды факторлар; 
• созылмалы инфекция ошақтары (лор патология, кариес т.б.); 
• қолайсыз экологиялық жағдай (ауыз суы, атмосфера, топырақтағы нитрат құрамы 
жағдайлары) 
• медикаменттер пайдалану (стероидты емес қабынуға қарсы препараттар, кортикосте- 
роид, антибиотиктер); 


441 
• зиянды дағдылар (темекі, наркотик); 
• тағамдық аллергия; 
• дуодено-гастральды рефлюкс, паразитоздар, басқа асқорыту мүшелерінің аурулары.
• Созылмалы гастрит және жара түзілуінде маңызды рольді Helicobacter pilori алады. Бұл 
асқазанның антральды бөлігінің беткейлі эпителийінде тропты спираль тәрізді грам 
теріс таяқша. 
Патогенезі.
Тұқымқуалаушылыққа бейімділік және жоғарыда көрсетілген ұзақ әсер 
ететін зақымдаушы факторлар фонында СГ қалыптасуының, соған сәйкес үш түрге 
бөлінетін, үш механизмі болуы мүмкін: 
1.
эндогенді-аутоиммунды
механизм асқазан қошау жасушаларына антидене пайда 
болуына байланысты дамиды (
гастрит А
). Бұл гастрит СГ құрамында 1-3% ғана 
құрайды.
2.
экзогенді-инфекциялық
, оған Helicobacter pilori-мен ассоцияланған гастрит (
гастрит 
В
) сәйкес келеді. Ол СГ құрамында 85% құрайды.
3. 
экзоэндогенді 
асқазанның дәрілермен немесе айқын дуоденогастральды рефлюкспен 
қозуына байланысты гастрит (
гастрит С
), СГ-ның 10-12% құрайды. 
Жіктелісі (107 кесте).
107 КЕСТЕ 
БАЛАЛАР ГАСТРОДУОДЕНИТТЕРІНІҢ ЖІКТЕЛІСІ 
(Сидней жүйесі, 1990 ж.) 
Түрі 
Этиоло-
гиясы 
Орналасуы 
Эндоско- 
пия 
Гистоло-
гия 
Сөліні-
сі 
Кезеңі 
Жедел 
Созылмал
ы 
Ерекше 
түрлері: 
Грануло-
матозды, 
Эозино-
фильді 
Нр (-) 
Нр (+) 
Аутоим-
мунды 
Реактивті 
Идиопати
я-лық 
Антральдық 
Фундальдық 
Пангастрит 
Дуоденит 
Антродуо-
денит 
Жайылған 
гастродуо- 
денит 
Беткейлі 
Эрозивті 
Атрофиялық 
Гиперпласти
-калық 
Қабыну: 
а.әлсіз, 
б.орташа, 
в. Қатты 
Атрофия: 
а. әлсіз, 
б.орташа, 
в. Айқын 
Ішектік 
ме- 
таплазия 
Қалыпт
ы 
Жоғары 
Төмен-
деген 
Өршу 
Субремис
-сия 
Ремиссия 
Клиникалық көрінісі
қабыну процессінің орналасуы мен жайылу деңгейіне 
байланысты. Тән болып келеді: 
-
өршу кезеңі бірнеше күннен 2-3 аптаға дейін созылады; 
-
өршу кезеңінде стереотипті клиникалық көріністері болады; 
-
белгілері тағам қабылдаумен және тағам сипатына байланысты; 
- өршу сипаты жыл мезгіліне (көктем-күз) байланысты; 
Антральды гастритте және антродуоденитте
аурудың ағымы жара тәріздес болады. 
Негізгі белгісі – іштің ауруы: 
-
ашқарынға немесе тамақ ішкеннен кейін 1,5-2 сағат өткен соң, кейде түнде байқалады; 
-
тамақ ішкеннен кейін азаяды; 
-
көбіне қыжылдаумен, кейде ащы кекірумен, сиректеу жеңілдететін құсу байқалады; 
-
пальпациялағанда эпигастрия, пилородуоденальды аймақтарда ауырсыну; 
-
іш қатуға бейімділік; 
-
тәбеті, әдетте жақсы; 
-
асқазанның сөліністік функциясы қалыпты немесе жоғары; 
- эндоскопияда – асқазанның антральды бөлімінің және он екі сақиналы ішектің 
буылтығының қабынулы-дистрофиялық өзгерісі (антродуоденит); 
- Helicobacter pilori-мен ассоциялану тән. 


442 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   269   270   271   272   273   274   275   276   ...   495




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет