Балашт ү с І п қ алие в б а л алара у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет391/495
Дата06.02.2022
өлшемі11,76 Mb.
#80101
1   ...   387   388   389   390   391   392   393   394   ...   495
Байланысты:
Балалар аурулары (МЖОО «Стоматология» факультеті студенттеріне арналған)

Стоматологтар назарына.
Тістер минерализациясы жүктіліктің ІІ-ші триместрінде 
(үшайлығында) басталады. Бұл антинатальды кезеңде жүргізілген рахиттің алдын алу 
шараларының , аналардың тиімді тамақтануының, қосымша дәрумендік-минералдық 
кешендерді қолданудың маңызын артырады.
Рахит жиілеу минерализацияның бұзылуына, уақытша тістердің шығу мерзімінің 
баяулауына,тіс шығуының ретінің бұзылуына, тұрақты тістердің қалыптасуында 
ауытқулардың болуына әкеледі. Рахиттің ауыр түрлері түстүйістің анамолиясына, ерте 
көптеген кариеске әкеледі. Организмді кальциймен қамтамасыз етуде ішектің алатын 
орны үлкен. Сорылу процессі бұзылғанда сүйекте жиналуы және қаңқа минерализациясы 
бұзылады. Соңғы жылдары уақытша тістердің ертерек шығуы байқалып жүр –тіс шығу 4 
айлықта басталады. Солай бола тұрса да көптеген дені сау балаларда тіс шығу 8-10 айда 
басталады. Тіс шығу мерзімі негізінен тұқым қуалауға байланысты, негізінен баланың 
болашақ өмірінде дамуына әсер етпейді.
Д гипервитаминозында эмалдің гипоплазиясы байқалуы мүмкін. 
Ерте 
жастағы 
балаларда 
дистрофия 
әртүрлі 
аурулардың 
ағымын 
ауырлатады,психоэмоциялық өзгерімпаздық байқалады, бұны әртүрлі манипуляция 
жасағанда есепке алып отыру керек. Дәрігер науқас баламен жолыққанда мейрімділікпен, 
ізеттікпен, ойыншықтар алдандырып (көңілін аулап) қатынас жасауы керек, қажет болған 
жағдай жансыздандыру әдістері қолданылады. Ұзақ уақыт сақталған дистрофия баланың 
өсуін және тістің дамуын бұзуы мүмкін. 
Қант диабетінде жиілеу пародонта тіндерінде дистрофиялық өзгерістер дамиды. 
Балаларда диабеттік команың ең ауыр түрі болып, жалпы әлсіздік, жүрек айнуы, құсу, 
полиурия, ішінің және бұлшық еттерінің ауруы сияқты белгілердің біртіндеп пайда болуы, 
ауызынан ацетон иісі шығу байқалатын кетоацидоз комасы есептелінеді. Бұндай 
ауруларды шұғыл ауруханаға жолдау қажет.
16. ТҰҚЫМҚУАЛАЙТЫН АУРУЛАР 
Генетика, яғни аурулардың пайда болуында генотиптің және сыртқы факторлар 
әсерінің үлесі тұрғысынан қарағанда адамдадың барлық ауруларын үш топқа бөлуге 
болады. 
Бірінші топты
«
қоршаған орта патологиясы
» деп аталатын арулар құрайды. Олар 
тек қана сыртқы факторлардың әсірінен пайда болады. Бұл топқа жарақаттарды, күйікті, 
«абсолютті» қатынастығымен (контагиздығымен) ерекшелінетін инфекцияларды (жел 
шешек, аса қауіпті инфекциялар), жетіспеушіліктер, улану және басқа ауруларды 
жатқызуға болады. Бірақ бұл жағдайларда бұл аурулардың ағым ерекшеліктерін негізінен 
генотип анықтайды және олардың болжамына әсер етедсі.
Екінші топқа 
пайда болуына тұқым қуалауды детерминациялайтын генетикалық 
фактормен қатар сыртқы орта әсеріде айтарлықтай маңызды орын алатын ауралар кіреді. 
Соңғының манифестациялық маңызы бар. Бұл арулар 
мультифакторлы немесе тұқым 
қуалауға биімділігі бар
арулар деп аталады. Оларға «
полигенділер
» деген термин 
қолданған дұрыс болады. Бұл топқа адамның барлық созылмалы соматикалық аурулары 
жатады.
 
Үшінші топ тұқым қуалайтын аурулардың
өзін қамтиды. Олардың пайда болуы 
хромосомдар немесе ген деңгейінде геномның бұзылуына байланысты. Бұл жағдайларда 


591 
сыртқы орта факторы аурудың ағым сипаттын анықтайтын модифицирлеуші орын алады. 
Бұл топтағы аурулар шақырылуы мүмкін:
- хросомдардың сандық және сапалық (құрылымдық) өзгерістерімен. Бұлар хромосомдық 
аурулар (аберациялар, мутациялар) деп аталатын аурулар. Оларға соматикалық 
(физикалық) және психикалық дамудың бұзылыстары және көптеген даму ақаулары 
тән блып келеді; 
- Ақуыздың түзілуіне жауапты қандайда болмасын геннің патолгиялық өзгеруінен 
(мутациясынан). Құрылымдық ақау байқалатын ақуыздың пайда болуы, болмаса 
оның тіптен болмауы, әдетте метаболизмнің бұзылуына әкеледі. Бұлар моногенді 
(молекулярлы) ауруларға жатады.
Қазіргі кезде 3000 артық тұқым қуалайтын аурулар мен синдромдар суреттелген. 
Жүктіліктің ерте кезеңдерінде өзінен-өзі байқалатын түсіктердің 40% -дайы эмбрионда, 
өмір сүруге мүмкіндік бермейтін хромосомдық ауытқуларға байланысты болып келеді. 
Статистика бойынша 1000 тірі туған нәрестенің 30-50-де әртүрлі тұқым қуалайтын немесе 
туа біткен ауытқулар байқалады. 
16.1. 21-ШІ ХРОМОСОМАНЫҢ ТРИСОМИЯ СИНДРОМЫ 
21 -ші хромосоман ың три сомия синдромы (Да ун синдромы)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   387   388   389   390   391   392   393   394   ...   495




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет