Балашт ү с І п қ алие в б а л алара у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет445/495
Дата06.02.2022
өлшемі11,76 Mb.
#80101
1   ...   441   442   443   444   445   446   447   448   ...   495
Байланысты:
Балалар аурулары (МЖОО «Стоматология» факультеті студенттеріне арналған)

Болжамдары
:
Сауығу, жеделдеу ағымы, көп жылдары вирус тасымалдау-шы
(В 
және С гепатиттері), 
созылмалы түріне, бауыр циррозына, цирроз ракқа ауысу, өлу
. А 
және Е гепатиттерде созылмалы гепатиттке және циррозға ауысу кездеспейді. 
Клиникалық көрінісі. 
Гепатит А. 
Жасырын кезеңі,
әдетте 15-30 күнге созылады. 
Бастапқы (сарғаю алды) кезеңі 
жиі 3-8 күн болады және қызба, интоксикация белгілері-
мен (шаршағыштық, тәбетінің төмендеуі, ұйқышылдық, әлсіздік, басының ауруы, тәбеті-
нің төмендеуі, бұлшық еттердің ауруы), ішінде жағымсыз сезімдердің пайда болуымен, 
жүрек айнуы, құсумен, іш қатумен, зәрінің қоңыр түстенуімен және нәжісінің түссізденуі-
мен сипатталады. Науқастанған балалардың шамалы бөлігінде мұрынжұтқыншақ жағынан 
қатаральды көріністер байқалады. Бауыры өсіп, пальпациялағанда ауырсынуы байқалады. 
Осы кезде қан сарысуында трансаминазылар, арнай IgM деңгейінің артуы байқалады.
Сарғаю пайда бола бастағанда 
(айқын кезеңі, сарғаю кезеңі)
интоксикациялық белгі-
лердің айқындылығы төмендейді. Сарғаю, әдетте жеңіл немесе орташа болады. Билирубин 
деңгейі 50 және 100 мкмоль/л-ден (фракцияларына сәйкес). Бауыр айтарлықтай ұлғаяды. 
Нәжісі, әдетте түссіз болады. Зәрі қара түсті болады. Кейде, сиректеу науқастардың 
талағының ұлғайғаны анықталуы мүмкін. Басқа мүшелерде өзгерістер анықталмайды. 
Сарғаю кезеңі, әдетте 10 күнге созылады да, одан әрі билирубин деңгейі және қандағы 
бауыр ферменттерінің активтілігі төмендейді. Сауығу кезеңі шамамамен 2-3 айға 
созылады. Сиректеу (3-5%) гепатит А жеделдеу дамиды, бірақ бұл науқастарда 6-12 айда 


668 
тәуір болады. Американдық педиатрлардың мәліметі бойынша 6 жасқа дейінгі науқас 
балалардың 70%, одан ересек балалардың 30%-да гепатиттің сарғаюсыз түрі байқалады. 
Гепатит А-ның фульминантты ағымы, бауыры бұдан айтарлықтай зақымдалған балаларда 
байқалады. Ересек адамдардың, ертеректе гепатитпен ауырғанының куәсі ретінде, 70%-да, 
тіптен одан көбінде гепатит А вирусына IgC -антиденесі анықталады.
Гепатит В. Жасырын кезеңі 60-180 күнге (әдетте, 2-4 айға созылады). Гепатит В 
вирусы кең тараған клиникалық бұзылыстар себебі болады: белгілерсіз дамитын серокон-
версиялары, аурудың жеделдеу дамитын бейарнамалы симптоматикасынан (әлсіздік, 
анорексия, жүрек айну және т.б.) немесе бауырдан тыс бұзылыстардан (мысалы, 
артралгиялар, артриттер, нефротикалық синдром және т.б.) гепатиттің айқын клиникалық 
белгілермен білінетін сарғаю және гепатиттің фульминантты ағымы және комаға дейін 
байқалуы мүмкін. Адам генотипіне байланысты гепатит В вирусы бауырда гепатоцит 
геномымен интеграциялануы (онда вирусты созылмалы тасымалдау пайда болады – 
созылмалы гепатит), немесе реплицирленуі (онда инфекциялық процесс дамиды, 
иммунопатолгиялық процессте болуы мүмкін) мүмкін. Типті жағдайда бастапқы (сарғаю 
алды) кезең бірнеше сағаттан 2 аптаға дейін созылады (В.Ф. Учайкин бойынша орта 
есеппен 5 күн), бәсеңдеу жүреді, интоксикация белгілері (әлсіздік, енжарлық, тәбетінің 
төмендеуі, және басқалар), диспепсиялық бұзылыстармен (жүрек айну, қайталанатын 
құсу, іштің ауруы), сиректеу қызбамен, бұлшық еттер ауырсынуымен, катаральдық 
көріністермен білінеді. Ең жиі білінетін клиникалық белгісі бауыр мөлшерінің ұлғаюы
пальпациялағанда оның қырларының ауруы есептеледі. Бұл кезеңде диагноз қою үшін 
қандағы АЛТ, АСТ және гепатоспецификалық энзимдердің активтілігінің артуы, қандағы 
HbsAg және HbeAg, анти-HBc IgM, ДНК-вируcтардың концентрациясының артуының 
маңызы үлкен. Осы кезеңнің соңғы жағын ала зәрдің күрт қоңырлануы және нәжістің 
түссізденуі (сарғаюдың пайда болуынан 1-2 күн бұрын) байқалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   441   442   443   444   445   446   447   448   ...   495




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет