Балашт ү с І п қ алие в б а л алара у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет447/495
Дата06.02.2022
өлшемі11,76 Mb.
#80101
1   ...   443   444   445   446   447   448   449   450   ...   495
Байланысты:
Балалар аурулары (МЖОО «Стоматология» факультеті студенттеріне арналған)

Серологиялық зерттеулер:
анти-HAV, HВsAg, HВcAg, HВeAg, гепатит А, В (HВcAg, 
HВeAg - жедел инфекция көрінісі), D,E, F, G. Гепатит А, D, E, F, G вирустарының 
анитигендерін анықтау үшін полимеразды тізбектік реакция қолданылады.
Ажырату диагнозы (143 кесте).
Продормальды кезеңде ЖРВИ, аппендицитпен, 
мезаде-нитпен, ішек инфекциясымен, глистік инвазиямен және басқалармен ажырату 
қажет болады. Ұқыпты жиналған анамнез және эпидемиялық мәліметтер, толық және 
жанжақты жүргізілген клиникалық зерттеулер, бауыр фермнттер активтілігін динамикіде 
бағалау диагнозды дұрыс қоюға көмектеседі. Сарғаю кезеңінде, әдетте анемиямен, 
гиперретикулецитозбен, талақтың ұлғаюымен, қанда байланыспаған билирубиннің 
көбеюімен білінетін гемолитикалық сарғаюдан ажырату қажет. Бұл белгілер гепатитке тән 
емес. Жастан асқан балаларда туа біткен бауырлық сарғаюлардан Жильбер ауруынан 
ажыратуды қажет етеді. Оған шамалы тіке емес гипербилирубинемия тән болады. От 
басылық анамнез тән. Жильбер ауруында науқастың жалпы жағдайы қалыпты, бауырдың 
мөлшерлері және функциялық жағдайы бұзылмайды, бұдан бұрында тері мен клегей 
қабатының сарғаю эпизодтары болғаны анықталады.
Емі
. Гепатиттердің арнайы емі жоқ. Негізгі ем бөліктеріне күн тәртібін сақтау 
(орташа ауыр және ауыр түрлерінде төсектік режим, жеңіл түрінде – жартылай төсектік 
режим) және емдәмдік шектеулер (қиын еритін майлар мен майлы тамақтарды, колбасаны 
және басқа өндірістік консервілеу өнімдерін, ашытқыларды, тәттілерді, саңырауқұлақтар-
ды, шокаладтарды шектеу); көкөністер, жемісжидектер, бал, шырындар, мусстар, ащы сүт 
өнімдері, «қорғалмаған» жармалардан дайындалған ботқалар пайдалы болып келеді. 
Дәрумендер, холекинетик тобындағы өт айдаушы дәрілер (минеральды сулар, магний 
сульфат) қолданылады. Науқастардың көбі инфузиялық емді қажет етпейді. Гепати В 
орташа ауырлық және ауыр дәрежедегі түрлерінде инфузиялық ем, парентеральды 
интерферон, кейде глюкокортикоидтар, сарғаюдан кейнгі кезеңде – эссенциале, гептрал, 
карсил, легалон қолданылады. 
143 КЕСТЕ 


670 
БАЛАЛАР ВИРУСТЫ ГЕПАТИТТЕРІНІҢ АЖЫРАТУ-ДИАГНОСТИКАЛЫҚ 
БЕЛГІЛЕРІ (Учайкин В.Ф., Нисевич Н.И., 1998) 
Диагностикалық
белгілері 
Гепатит
А 
Гепатит
В 
Гепатит С 
Гепатит 
Е 
Гепатит 

Науқастың жасы 
Инкубациялық
кезең 
Аурудың басталуы 
Сарғаю алды 
кезеңіндегі 
Интоксикация
белгілері 
Сарғаю кезеңіндегі 
интоксикация 
белгілері 
Аллергиялық
бөртпе 
Аурудың ауырлық 
дәрежесі 
Сарғаю кезеңінің 
ұзақтығы 
Созылмалы 
гепатиттің 
қалыптасуы 
Тимол сынамасы 
Серологиялық 
маркерлер 
1 жастан 
жоғары 
1-45 күн 
Жедел 
Айқын 
Шамалы 
білінеді 
Жоқ 
Жеңіл 
және 
орташа 
дәрежелі 
түрлері 
1-15 күн 
Жоқ 
Жоғары 
Анти-HAV 
IgM 
Барлық
жастық
топтар 
2-6
ай 
Біртіндеп 
Шамалы 
білінеді 
Айқын 
Болуы 
мүмкін 
Жиі ауыр 
және орташа 
ауыр түрлері 
3-5 апта 
Сиректеу 
алғашқы-
созылмалы 
гепатит 
Төмен, жиі 
қалыпты 
деңгейде 
HbsAg,
Hbe-Ag, 
анти-HBc 
IgM 
Барлық
жастық
топтар 
2 апта-3 ай 
Біртіндеп 
Шамалы 
білінеді 
Болмайды 
немесе 
шамалы 
білінеді 
Болуы 
мүмкін 
Жеңіл және 
сарғаюсыз 
түрлері 
2 апта 
шамасында 
Жиі, 50% 
жағдайда 
Орташа 
жоғары 
Aнти-HCV, 
PHK HCV 
1 жастан 
жоғары 
15-45 күн 
Жедел 
Айқын 
Болмайды 
немесе 
шамалы 
білінеді 
Жоқ 
Жеңіл 
түрлері 
1-2 апта 
Жоқ 
Жоғары 
Анти-
HEV 
Барлық
жастық
топтар 
2апта- 6 
ай 
Жедел 
Жиі 
айқын 
Айқын 
Болуы 
мүмкін 
Ауыр 
және 
қатерлі 
түрлері 
2-7
апта 
Жиі 
Орташа 
жоғары 
HbsAg, 
анти- 
HDC, 
анти-
HDV IgM 
 
Сауығу критерийлері
. Интоксикация белгілерінің, сарғаюдың кетуі, бауыр мен 
талақтың мөлшерінің, нәжіс пен зәрдің түсінің қалыптасуы.
Лабораториялық критериялары
– қан сарысуында трансаминазалардың (АЛТ,АСТ) 
және билирубиннің қалыптасуы. Мектепке баруға аурудың басталуынан 40-50 күн 
өткеннен кейін рұқсат етіледі.
Сауыққаннан кейінгі бақылау
. Диспансерлік бақылау 6 айдан кем болмау керек, 
созылмалы В, С, D-гепатиттерде көп жылдарға созылады. Ауруханадан шыққаннан соң 1 
айдан кейін АЛТ, АСТ, билирубинді, HbsAg қамтитын тексеру жүргізіледі. В, С, D 
гепатиттер реконвалесценттері аруханадан шыққаннан кейін 3, 6, 9, 12 ай өткен соң 
тексеріледі. Клиникалық-лабораториялық көрінісі қалыптасқан соң 6 айдан соң есептен 
шығарылады. Реконвалесценттерге бақылау кезінде емдәм, профилактикалық егу жаса-


671 
мау, дене шынықтырумен айналысу, гепотопротекторлармен, өт жүргізуші дәрілермен, 
витаминдермен ем жүргізу ұсынылады. Қажет болса интерферондармен (виферон және 
басқалар) ем тағайындалады.
Эпидемияға қарсы шаралар.
1.
Нақасты оқшаулау.
2. Қатынаста болғандарға, ажыратқан күннен бастап, 35 күн бойына карантин салынады. 
3. Гепатит А ошағында хлорлы дезинфекциялық ертінділермен дезинфекция жасалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   443   444   445   446   447   448   449   450   ...   495




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет