І КІРІСПЕ Зерттеу жұмысының өзектілігі: Қазақстан Республикасының “Білім туралы” заңына мемлекеттік саясат негізінде ең алғаш рет “әр баланың жеке қабілетіне қарай интелектуалдық дамуы, жеке адамның дарындылығын дамыту” сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отыр.[1]
Елімізде соңғы уақытта білім саласында жүріп жатқан реформалардың басты мақсаты-өрісі биік, дүниетанымы кең, кемел ойлы және бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру. Мұғалім-мектептің жүрегі. Мұғалім жұмысының нәтижесі оқушы білімі. Олай болса оқушылардың шығармашылық қабілеттерін ашу, оны алға қарай дамыту мұғалімнің кәсіби біліктілігіне және оның тұлғалық қасиетіне тікелей байланысты.
Жас жеткіншектің бойындағы табиғат берген ерекше қабілетті, дарындылықты тану, оның одан әрі дамуына бағыт-бағдар бере білу-ерекше қиын іс. Баланы заманына қарай икемдеп, өз заманының озық өнегесін санасына сіңіріп, оны жан-жақты дамыту бүгінгі күннің басты талабы.
Сондықтан, бұл тақырыптың негізгі өзектілігі жұмыстың негізгі мақсаты мен міндеттерін анықтайды.