Оқу дағдысын тексеру кезінде оқушыны жайдары жүзбен қабылдап, қолайлы жағдай жасау оқушының мәтінді қалыпты жағдайда аспай-саспай түсініп оқуына, оқу сапасының артуына мүмкіндік береді. Оқушы тарапынан жіберілген қателіктер оқу материалының мазмұнын дөрекі бұрмалауға апармаған жағдайда мәтін оқылып біткеннен кейін түзетіледі.
Мәнерлеп оқуын бағалау кезінде сөздің анықтылығына, нақытылығына, кідірістің сақталуына, логикалық екпіннің қойылуына, тиісті дауыс ырғағына келтіріп оқи білуіне, диалогтардың дұрыс оқылуына мән беру керек. Мәнерлеп оқу – оқудың ең жоғарғы түрі. Оқушылардың мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру үшін мұғалім сабақ үстінде төмендегідей жұмыс түрлерін жүргізіп отыруы тиіс:
мәтіндегі (үзіндідегі) қай қатарларды дауыстап, қуанышты, ал қай қатарларды қалыпты жағдайда, жай, мұңды оқыр едің? Неге?
нағыз батырдың өзін қарсы алып тұрғандай болып оқуғы тырыс
тыңдармандарымыз біздің кейіпкерлеріміздің әрқайсысының ерекшеліктерін аңғаратындай дәрежеде оқуға, асықпай оқуға тырыс;
бірнеше сөздерді топтап оқуға, әңгімедегі (аңыздағы, өлеңдегі) негізгі ойды беретін сөйлемдерді дауыс ырғағымен бөліп оқуды үйрен және т.б.
Бастауыш мектепте іштей оқу дағдыларын қалыптастыру да көзделеді. Дауыстап оқу арқылы материалды оқушы ғана емес, тыңдаушы да қабылдайды. Іштей үндемей оқуға тек оқып жатқан бала қатысады, алайда түсіну, есте сақтау және оқығанын меңгеру іс-әрекеті жақсара түседі. Іштей оқу – бұл дауыс шығармай көзбен оқу. Сыбырлап және еріндерін жыбырлатып оқу дауыстап оқудан іштей оқуға көшу кезеңінің көрінісі болып табылады және іштей оқуға жатпайды.
Егер іштей оқу шапшаңдығы дауыстап оқу шапшаңдығынан аспаса, онда іштей оқу өз дәрежесінде қалыптаспаған деген сөз. Іштей оқу дауыстап оқуға қарағанда 20-40 сөзге дейін артық жүретіні белгілі, сондықтан оқудың бұл түрін қадағалап отырудың да маңызы зор. Мұндай тексеруді 2-сыныптан бастап жүргізген жөн.
Іштей оқуға көлемді, мазмұны жағынан қызықты, тілі анық, балаларға онша таныс емес шығармаларды оқытқан абзал. Іштей оқуды тексеру әдісі дауыстап оқуды тексеру әдісімен бірдей. Іштей оқу аяқталғаннан кейін оқушының мәтіннің негізгі мазмұнын қаншалықты меңгергені тексеріледі.
Мұғалімге көмек ретінде оқу дағдысын тексеруге арналған кесте ұсынылып отыр. Бұл кестені барлық 4 жыл көлемінде пайдаланған тиімді. Оқу дағдысын жетілдіруге бағытталған жұмыс барысында жүйелі тексеріп қана қоймай, тексеру нәтижесін арнайы дәптерге тіркеп, жіберілген кемшіліктерді жоюға бағытталған жеке жұмыс түрлерін жүргізіп отыру қажет. Мұғалім тек әр жеке оқушының оқу деңгейін біліп қана қоймай, жалпы сыныптың оқу деңгейін де білуі қажет. Сондықтан әр тексеруден кейін сынып бойынша кесте жасалады.
Оқу дағдысы
|
Оқушылар (саны)
|
Тәсілдері:
буындап оқиды
буындап және толық сөздерді оқиды
толық сөздерді оқиды
|
. . .
. . .
. . .
|
Дұрыстығы:
қатесіз оқиды
қате жібергендер
|
. . .
. . .
|
Шапшаңдығы:
талаптан төмен
талапқа сай
талаптан жоғары
|
. . .
. . .
. . .
|
Мәнерлеп оқуы:
|
. . .
|
Оқу дағдыларын жетілдіруге арналған ұсыныстар:
|
. . .
|
Әр оқушының оқу дағдысы жеке тексеріледі. Бұл кезде секундомер пайдаланбаған жөн, минуттық тілі бар сағат пайдалану керек. Мұғалім оқыту барысында уақытты оқушыға білдірмей және сағатты оқушы оқуды бастағаннан кейін белгілегені жөн, өйткені көптеген оқушылар оқуға дайындыққа көп уақыт жібереді, бірінші қатарын іздейді, зейінін тұрақтандырады, т.б. Төменгі нәтиже көрсетіп жүрген оқушылар бойында сенімділік ұялатып, көңілдерін көтеріп, көмек көрсету қажет, оқуына жайдары жүзбен сипаттама беріп, жақсы жақтарына баса көңіл аудару қажет, содан кейін кеткен кемшіліктері ескертіледі. Әсіресе психо-физиологиялық кемшіліктері бар кекеш, көзінің көруі нашар, шамадан тыс баяу балалар ерекше бақылауда болуы тиіс. Қорытынды шығару кезінде бұл ескеріледі. Мұндай оқушылардың оқуын бақылауды сабақ барысында жүргізуге де болады. Оқу дағдысын тексеру оқушыларға таныс емес мәтіндермен жүргізіледі.
СЫНЫПТАР БОЙЫНША ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМ, БІЛІК ЖӘНЕ ДАҒДЫЛАРЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
1-сынып оқушылары:
Әліпби әріптерін (таңбасы, жазба, бас, кіші);
дыбыс пен әріптің дұрыс атауын;
дыбыс пен әріптің негізгі өзгешеліктерін («дыбысты естимін және айтамын»);
дауысты және дауыссыз дыбыстарды («дауысты дыбыстар әндетіліп, созылып айтылады, ауа кедергісіз шығады»);
дұрыс жазу ережесін: 1) Кісі аттары мен үй жануарлары және жер-су аттарының, сөйлемнің бірінші сөзінің бас әріппен жазылуы; 2) сөйлемдегі әрбір сөздің бөлек жазылуы; 3) сөйлем соңына тиісті тыныс белгінің (нүкте, сұрақ, леп) қойылуы;
сөйлем, сөз, буын, дыбыс туралы;
сөз мағынасы туралы (сөздің заттың, құбылыстың, қимылдың, сапаның атауы екендігі; мағынасы мәндес, қарама-қарсы, дыбысталуы бірдей, бірақ беретін мағыналары әр басқа сөздердің болатындығы) біледі.
сөз, сөйлемнің шегін таба алады; сөзді буынға бөледі;
саналы, дұрыс, бірқалыпты буындап және тұтастай минутына 20-35 сөз оқиды (белгілерімен қосқанда);
мәнерлеп, дұрыс, түсініп оқуға дағдыланған;
монолог, диалог арқылы берілген синтаксистік құрылымдағы хабарлы, сұраулы және лепті сөйлемдердің оқылу ерекшеліктерін ажырата біледі;
кіші, бас әріп элементтерін жазу, оларды каллиграфия нормасына сақтай отырып, бір-бірімен байланыстырады;
жазуда орфографиялық және пунктуациялық ережелерді қолданады;
баспа әріптермен берілген мәтінді көшіріп жазады (10 белгіден кем емес);
сөздерді есту арқылы жазады (мұғалім сөздерді орфоэпиясы бойынша оқиды) (жыл соңында 10-15 сөз);
сөйлеуден сөзді бөліп алады; оны сызбамен көрсетеді;
бөліп алынған сөзге сұрақ қоя алады (кім? не? қандай? не істеді? қайтті? нешеу?);
сөйлеуден сөйлемді ажыратады және бөліп алады, мәтіннен оның орнын (шегін) таба алады; сөйлемнің сызбасын сыза алады;
сөзді буынға бөледі және оны графикалық түрде белгілейді;
сөздің дыбыстық және дыбыстық-әріптік сызбасын көрсете алады;
сөздегі дауысты, дауыссыздарды ажыратады;
затты не құбылысты, сапаны немесе қимылды білдіретін сөздерді таба алады;
тыңдағанын түсінеді, сұрақтарға толық жауап береді, диалогқа түседі, әңгімеге қатысады;
әңгіменің логикалық жүйесін сақтай отырып, естіген немесе оқыған мәтінін өз сөзімен айтып береді; оқыған немесе әңгімесіне өзінің бағасын бере алады;
тірек сөздер, сюжетті картиналар арқылы 4-5 сөйлемнен тұратын әңгіме құра алады;
мәтіннің берілген басы мен соңы арқылы мәтін, диалог құрастырады;
затты, құбылысты, аңдарды сипаттайды, өз тәжірибесінде 4-6 сөйлемнен тұратын әңгіме құрайды;
берілген тақырыпқа диалог құрастырады, сөйлеу әдебі сөздерін (амандасу, алғыс айту, кешірім сұрау) пайдаланады;
картина арқылы елестеуі (қиялдауы) бойынша шығарма жаза алады (4-6 сөйлем).
2-сыныпты бітірген оқушы:
ауыз әдебиеті мен жазба әдебиеті үлгілерін ажырата алуды;
мәтіндегі негізгі ойдың басталуын, жалғасуын, аяқталуын;
мәтіннің атауын, мәтіннен кейінгі сұрақ – тапсырмаларды таба алуды;
көлемі 150-200 сөзден тұратын мәтін мазмұнын қысқаша әңгімелей алуды;
мәтіннің түрлерін (сипаттау, әңгімелеу, пайымдау) ажыратуды;
өлеңнің ұйқасқа құрылатынын біледі.
Мәтіннің негізгі ойын;
мәтіндегі оқиға желісін;
мәтіндегі ақын-жазушының көңіл-күйін түсінеді.
Мазмұндама мен шығарма жазуды (25-30 сөзден тұратын);
оқыған немесе көрген оқиғасы жөнінде ауызша әңгімелей алуды;
мәтін бойынша сұрақтарға жауап беруді меңгереді.
3-сыныпты бітірген оқушы:
ауыз әдебиеті үлгілерінің жанрларын (аңыз, ертегі, мақал – мәтел, жаңылтпаш, айтыс, шешендік сөздер, батырлар жыры, айтыс өлеңдер т.б.) ажырата алуды;
шығарма авторларын, олардың көзқарасын;
авторы арқылы шығармаларын атауды;
көлемі 200-250 сөзден тұратын мәтінді толық және қысқаша әңгімелей алуды;
көркем шығарма жанрларын (әңгіме, өлең, қара сөз т.б.) ажырата алуды;
өлең жолдары мен шумағын;
шығарманың тақырыбы мен басты кейіпкерлерін атауды біледі.
Мысалдағы аллегорияны;
көркем шығарманы өмірмен байланыстыра білуді;
мәтінді тапсырмаға сәйкес теріп оқуды;
мәтіндегі белгілі мен белгісізді түсінеді.
Мазмұндама мен шығарма жазуды (30-35 сөзден тұратын);
ата – аналарына құттықтау, достарына хат жазуды;
жыл аяғына дейін 4-5 тақпақ, 4 - 5 өлең, 3 - 4 үзінді, 4 - 5 жұмбақ, 5 - 6 мақал-мәтелді жатқа білуді;
мәтінге жоспар құруды;
мәтін бойынша сұрақтар қоя алуды меңгереді.
4-сыныпты бітірген оқушы:
халық ауыз әдебиеті басты жанрларының (ертегі, аңыз, наным-сенім өлеңдері, тұрмыс-салт жырлары, жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтелдер, батырлар жыры айтыс, шешендік сөздер) негізгі сипаттарын;
жанр түрлерін (шағын фольклорлық жанр, әңгіме, мысал, өлең, ғылыми - танымдық шығарма, очерк, мақала, жарнамалық мәтін) ажырата алуды;
көлемі 300-350 сөзден тұратын мәтін мазмұнын қысқаша, толық және жоспар бойынша таңдап әңгімелей алуды;
өлеңдегі ақынның көңіл-күйін тани алуды;
мәтіннен теңеу, кейіптеу, эпитетті таба алуды;
мәтінге жоспар құруды;
шығармадағы оқиғаның ел басынан өткен тарихи оқиғамен байланысын табуды біледі.
Шығарманың тақырыбы мен идеясын;
шығармадағы оқиғаға өз көзқарасын білдіруді;
ғылыми-танымдық және публистикалық мәтіндерден өзіне қажетті мәліметті таба алуды және оны берілген үлгіге (кестеге, сызбаға т.б.) сай өңдеп, жүйелеуді;
мәтінді талқылау кезінде автор сөзін дәлел ретінде келтіре алуды түсінеді.
Портреті арқылы және шығармалардағы іс-әрекетіне сәйкес кейіпкерлерге мінездеме бере алуды;
көркем шығармада суреттелген оқиға, кейіпкерлер іс-әрекеті мен қарым-қатынасының нақты өмірмен байланысын көрсете алуды;
мәтіннен түсініксіз сөздерді тауып, мағынасын түсіндіруге қатысуды;
мазмұндама мен шығарма жазуды (40-45 сөзден тұратын) меңгереді.
Дауыстап
оқу дағдыларын
тексеру
1-сынып І жарты жылдық
Оқу дағдыларын тексеру
А-та, ол қо-ра.
Ас-қар, ат қа-ра.
Ат-қа қо-ра сал.
А-сан, сан са-на.
(12 сөз)
Те-ре-зе аш.
Мен мақ-та те-рем.
Ол е-мен е-мес, тал.
Қа-мар, шаш та-за-ла.
(12 сөз)
А-та, а-на ма-та са-ры. Мы-на ма-та қа-ра. Ақ ма-та-ны, қа-ра ма-та-ны ал. Са-ры ма-та-ны ал-ма.
(15 сөз)
Достарыңызбен бөлісу: |