Өсімдікке сипаттама. Мандарин - жемістің бір түрі. Мандарин (Cіtrus retіculata) — руталар тұқымдасына жататын мәңгі жасыл аласа ағаш. Шыққан жері Үндіқытай, Қытай, Жапония. 1805 жылдан Еуропа елдеріне жерсіндіріле бастады. Қытай, Испания, Мексика, Жапония, т.б. елдердің субтропиктік және тропиктік аудандарында өсіріледі. Биіктігі 2 — 3 м, діңгегінің бұтақтары тармақталып өседі. Сабақтары жасыл. Жапырағы жұмыртқа пішінді сопақшалау келеді. Басқа цитрустарға қарағанда жапырағының сабағы жіңішкелеу және ол ең тез пісетін әрі көп жеміс беретін ағаш. Мамыр — шілде айларында гүлдейді. Гүлі ақ түсті, майда.
Таралуы:Отаны Қытай атауы да қытайлардан келген. Португалдар қытай феодал, чиновниктерді Мандарин деп атаған екен. Ал осы жеміске тек Мандариндер ғана ие болған. Кейбір елдерде Танжерин деп аталады екен, сондықтан бұл жемістің кейбір гибридтері танжело (мандарин х грейпфрут), тангор (мандарин х апельсин),деп аталады. Cатусума - шемешкісіз мандарин сорты.
Сипаттама: Шие – раушангүлділер тұқымдасына жататын ағаш және бұта тәрізді өсімдік. Гүлі ақ, кейде қызғылт. Етженді, шырынды, сүйекті жеміс. Шиенің жемісінде 7,3 – 17,5 % қант, 0,8 – 2,4 % органикалық заттар, 0,88% илік заттар мен витаминдер болады. Шие құнарлы, саздақ топырақта жақсы өсіріледі. Жапырақтары жалпақтау келген ұзын, ұштары сүйір, жиектері ара тісті. Сәуір - мамыр айларында гүлдейді, маусым – шілде айында жеміс береді. Шие ағашы 30 жылдай өмір сүреді. Отырғызғаннан кейін 3 – 4 жылда жеміс бере бастайды. Бір ағаш 100 кг – нан астам жеміс береді.Шие желсіз, күн көзі мол түсетін жерде жақсы өседі.