Таралуы: Барлық жерде дерлік өседі. Оның солтүстік жартышардың қо-ңыр салқын ендігінде 32 түрі, ал КСРО-да 7 түрі — шомырт, алша, үй өрігі, уссурийлік, Симон өрігі, үйеңкі өрігі, Қазақстанда жабайы 4 түрі (оның бәрі қолдан отырғызылады) кездеседі. Өнеркәсіптік ең маңыздылары — үй өрігі немесе кәдімгі өрік.
Қолданылуы:Жеуге жарамды, жемісінен тосап, джем, повидло, шырынсу, маринад дайындалады, ал дәнінің құрамында 30%-ға дейін май бар. Жемісінен шарап алынады.
Сипаттама: Кәдімгі қызанақ , помидор (лат. T.esculentum) – алқалар тұқымдасына жататын бір және көп жылдық шөптесін өсімдіктер (кейде жартылай бұта). Сабағының биіктігі 30 — 40 см-ден жоғары. Жапырағы қауырсын тәрізді. Гүлінің түсі сары, жемісі — екі не көп ұялы жидек, пішіні әртүрлі. Салмағы 25 — 500 г, кейде 800 — 900 г-ға дейін жетеді. Қызыл, сарғыш жемісінің құрамында 4,5 — 8,1% құрғақ зат, 3,5 — 8,5% органикалық қышқыл, минералдық тұздар, С витамині, В, РР тобының витаминдері, каротин бар.
Қолданылуы: Қызанақ адам организміне пайдалы витаминдерге бай, құрамында қышқыл, каротин бар. Ересек адамдарда жиі кездестін көк тамыр қуысының тығындалып қабынуы (тромбофлебит) мен көк тамырдың кеңеюін (варикоз) емдеуде әсері зор. Сонымен қатар, қызанақ пен оның шырынын төменгі қышқылдықты, гастритті емдеуге пайдаланады. Қантты диабетке және семіздікке шалдыққан науқастар үшін томат құнды тағам. Сапасы жақсы, тұзы аз немесе мүлде жоқ томат шырынының құрамында ликопин бар. Ол организмді зиянды ісік ауруларының талшықтарынан қорғайды. Қызанақ шырыны семіздікке жол бермейді.