Ғылыми жоба Тақырыбы: Алқа тұқымдасының (Solanaceae) картоп туысынының ( Solanum tuberosum) 2 түрін таңдап алып, будандастыру



Дата10.05.2020
өлшемі0,58 Mb.
#67033
түріҚұрамы
Байланысты:
Ғылыми жоба Тақырыбы- Алқа тұқымдасының (Solanaceae) картоп туысынының ( Solanum tuberosum) 2 түрін таңдап алып, будандастыру.

Ғылыми жоба Тақырыбы: Алқа тұқымдасының (Solanaceae) картоп туысынының ( Solanum tuberosum) 2 түрін таңдап алып, будандастыру.

Орындаған: 5В060700 Биология мамандығының 2 курс студенті СайфуллинаАружан

Зерттеу тақырыбың өзектілігі. Картоп - ауылшаруашылық дақылдары ішіндегі бірден бір маңызды дақыл. Картоптың құрамындағы ақуыздар, көмірсулар, дәрумендер және минералды элементтер адам тіршілігінде ерекше орын алады. Қазіргі таңда Қазақстанда картоп 180-190 мың га жерге өсіріледі. Оның орташа өнімділігі 13,0-15,0 т/га, жаппай өнімі 2700,0-2900,0 мың тоннаны құрайды. Сонымен қатар, қазіргі таңда тіскебасар ретінде қытырлақ картоптар өте актуалды болып табылады.

Мақсаты: Алқа тұқымдасының картоп туысының 2 түрін таңдап алып,будандастырып, жаңа қытырлақ картопқа арналған сұрып ойлап табу,және оны өндіріске шығару. Міндеті: Зерттеуге арналған тақырыптың деңгейін анықтау,әдеби дерек көздеріне шолу жасау. Деректеге сүйене отырып,картоп туысының 2 түрін таңдапа алу. Зерттелетін объектілерімізді салыстыру,талдау. Ой экспериментіне кірісу.Материалдық іске асуы мүмкін емес комбинациялар жиынтығы. Будандастырудың түрін таңдап алып,экспериментке көшу Нәтижеге қол жеткізу.

Эксперимент мақсаты: Мәдени өсімдіктер генафондын кеңейтумен қатар,жаңа қытырлақ картопқа арналған сұрып шығару.

Эксперимент міндеті: Жыл сайын жоғары және тұрақты өнім беруі.Сорт жоғары өнімді болуымен қатар,тыңайтқыш себу мен басқа агро әдістерге кеткен шығынды өз түсімімен өтеуі қажет. Даму барысында ауа-райының қолайсыз жағдайларына төзімдіболуы тиіс.Сорттар құрғақшылыққа,төмен температураға,қыстап шығу барысында қолайсыз жағдайларға төзімді болуы шарт. Бұл қасиеттер өнімнің тұрақтылығын анықтайды.

Аурулар мен зиянкестерге,қоздырушыларға да төзімді болуы керек. Механикалық баптауға икемділігі. Өнімнің жоғарғы сапасы. Сорттар себілу мақсатына қарай бізге қажетті өнімді ( крахмал,қант,май,ақуыз) мол беуі керек.

Шығарылып жатқан сорттың белгілері мен қасиеттерінің нақты жиынтығы негізгі 3 көрсеткіш бойынша анықталады : Болашақ сортқа арналған аймақтың топырақ климат жағдайлары. Сорттың өндірісте өсірілуіне байланысты ( тыңайтқыштың жоғарғы нормасы, суландыру, т.б.) Дақыл бағдары және оны пайдалану.

Бастапқы материал түрлері мен тәсілдері: Табиғатта кездесетін өсімдіктердің сан алуан формалары мен сорттары; Селекция процессінде будандастыру жолымен және түрлі сыртқы жағдайлардың жасанды әрекетінен жасалған бастапқы материалды сұрыптаудан басталады. И.Н.Вавилов атап көрсеткендей селекциялық жұмысқа жету бастапқы материалды сұрыптаудан басталады.

Осы заманғы селекцияда бастапқы материал алу үшін қолданылатын негізгі түрлер мен тәсілдер мыналар: Табиғи популяция. Оған өсімдіктердің жабайы өсетін формалары,мәдени өсімдіктің жергілікті сорттары және ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің әлемдік коллекциясындағы үлгілері жатады.

Будан популяциясы. Будан популяциясының 2 түрі бар: а) бір түрдегі сорттар мен формаларды тозаңдандыру арқылы алынған ішкі түрі. б) өсімдіктердің әр түрлері мен тектерін тозаңдандыру арқылы алынған түраралық және туысаралық будандар.

Өздігінен тозаңданатын линиялар (инцухт-линия) Өсімдіктердің айқас тозаңдануы селекциясында бастапқы материал алу көзі болып табылады. Жасанды мутация және полиплоид формалары. Бастапқы материалдың бұл түрі өсімдіктерге радиация,химиялық заттар, температура және басқа мутаген құралдарын пайдалану арқылы.

Жаңа қытырлақ картопқа арналған картоп сұрыпының құрамында құрғақ зат мөлшері,крахмал пайызы көп болуы,картоп түйінінің пішіні орташа,сопақтау болуы,көзшелерінің аз болуы міндетті .

Қазақстанда өсірілетін картоп түрлері


Көкшетауский ранний

Акша

Приекульский ранний

Шортандинский

Түйнектері ақ, сопақ-домалақша, көзшелері ұсақ болын келген.

Қабықтары тегіс, көзшелері көп, тереңдіктері орташа, боялмаған. Жеміс етінің түсі ақ, кесілгенде қараймайды.

Түйнектері ақ түсті, ұсақ көзшелері бар, домалақ, домалақтау-сопақ пішінді. Жұмсағы ақ түсті.

Түйнектері ақ, домалақ пішінді, көзшелері орташа тереңдікте, жұмсағы ақ түсті.

Крахмалдың көлемі – 12,4-17,5%.

Ақуыздың көлемі 13,2-23%

Қрахмалдылығы 10-16%.

Крахмалдылығы 23%-ға дейін.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет