Баяндама томас Хельм Баяндама Қазақстандағы діни сенім бостандығы туралы



Pdf көрінісі
бет18/48
Дата07.02.2022
өлшемі14,74 Mb.
#97667
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   48
Байланысты:
KAZ Fin

Роман Подопригора: Менің білуімше, Германияда олар кейбір жерлерде 
тіркелген, ал кейбір аймақтарда тіркелмеген. Германияда мемлекеттік 
заңды тұлғаларға қатысты Қазақстаннан өзгеше, қызықты жағдай бар. 
Кейде бізге шетелдік мысалдар келтірілгенде, «қараңыздар, Саентоло-
гия шіркеуі Германияда тіркелмеген» дейді, ал іс жүзінде бұлай болмауы 
мүмкін. Германияда және Еуропаның басқа да елдерінде екі деңгейлі 
тіркеу жүйесі бар. Заңды тұлға ретінде тіркелу қиын емес, бірақ егер сіз 
денсаулық сақтау жүйесіне, білім беруге және жалпы қоғамдық ортаға қол-
жетімділікті білдіретін жария заңды тұлға мәртебесін алуға жүгінсеңіз, билік 
сізге айтарлықтай талап қояды. Сондықтан, мен Саентологтардың жария 
заңды тұлға ретінде танылуында проблемалар бар екенін мойындаймын. 
Дегенмен, мен Германиядағы жағдай туралы мықты сарапшы емеспін.
Томас Хельм: Менің көзқарасым бойынша, барлық қойған ұпайла-
рыңызға қарап, мен Қазақстан бәрібір де либералды ел деп санаймын. 
Кеше біз «Қазақстан экономикасының трансформациясы» кітабының 


37
Қосымша
тұсаукесерін өткізгенде, іс-шараға «Бахаи» қауымының 3 өкілі қатысты. 
Мүмкіндікті пайдаланып олармен сөйлескенімде, олар: «Жоқ, тірке-
луде еш қиындықтар болған жоқ. Тіркелгіміз келді, бардық, тіркелдік», – 
деді. Іс жүзінде олар адам саны өте аз бірлестік. Мен біраз зерттеулер 
жүргіздім, яғни Google-ге кіріп қарағанымда, дүниежүзінде «Бахаилар-
дың» 8 миллион ізбасарлары бар екен, ал Қазақстанда қанша адам бар 
екенін мен білмеймін, бірақ, екінші жағынан, мен басқа діни ұйымдар 
мен бірлестіктер туралы басқа оқиғалар мен әңгімелерді естідім.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет