Баяндама томас Хельм Баяндама Қазақстандағы діни сенім бостандығы туралы



Pdf көрінісі
бет26/48
Дата07.02.2022
өлшемі14,74 Mb.
#97667
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   48
Байланысты:
KAZ Fin

Роман Подопригора: Сіз келтірген фактілер олардың Қазақстанда қан-
дай да бір мүдделері бар екенін көрсетеді деп ойлаймын. Біз ақшаны 
жақсы көреміз. Олардың қайдан келетінін нақты түсінгіміз келмейді. 
Осыдан проблема туындайды. Біз алдымен біреулерге қақпамызды 
ашып береміз, содан кейін ғана олардың бізге басқа идеология алып 
келетінін түсінеміз. Сауд Арабиясы ғана емес, мысалы Катар да көп 
ақша береді. Исламды жандандыру үшін қомақты ақша ағындары
90-жылдары Қазақстанға құйылды. Мүмкін салынған мешіттерді одан да 
үлкен етіп салуға болар ма еді, бірақ діни бірлестіктер ірі корпорацияларға 


43
Қосымша
айналған кезде басқа корпорациялар сияқты проблемаларды бастан кешіруі 
мүмкін, олар: бәсекелестік, сыбайлас жемқорлық және тағы басқалар. Басқа 
ислам мемлекеттерінің Қазақстанда өздерінің мүдделерін алға жылжы-
туға қызығушылықтары да бар болуы ықтимал. Бірақ та, кейінгі кездері 
біздің мемлекеттік органдар, арнайы қызметтер осы жағдайды бақылауға 
тырысуда, оны мойындап, лайықты бағасын беруіміз керек.
Томас Хельм: Дәстүрлі ислам құндылықтарында 2 мәселе бар екенін айта 
кетуіміз қажет. Таяуда мен ықтимал шәкіртақы алушылармен сұхбаттасқан 
едім. Сұхбат барысында менің алдымда екі жас қыз көз жастарын көл етіп, 
шағымдарын айтты. Біреуі – этникалық күрд өкілі, ол оқығысы келетінін 
айтады, ал әкесі оны күйеуге беріп, қалыңмал алмақшы; ал екінші қыз 
Батыс Қазақстаннан келген, оны бір жігіт алып қашып кетпекші болған 
екен. Сосын ол үйленуге мәжбүрлегендіктен, үйінен қашып кеткендігін 
айтты. Ол осыған қарсы ештеңе істей алмайтынын, құқық қорғау орган-
дарына жүгінудің де еш пайдасы жоқ екенін, оны бәрібір алып қашып 
кететінін айтты, сол кезде менің көкейімде: «бұл ұлттық дәстүр ме әлде 
діни дәстүр ме» деген сұрақ туындады?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет