Баяндама томас Хельм Баяндама Қазақстандағы діни сенім бостандығы туралы



Pdf көрінісі
бет34/48
Дата07.02.2022
өлшемі14,74 Mb.
#97667
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   48
Байланысты:
KAZ Fin

Томас Хельм: Өткен жылдарға көз жүгіртсеңіз, Кеңес Одағы ыдыраған 
1991 жылдан бастап, яғни КСРО құлағаннан кейін және тәуелсіз Қазақстан 
құрылғаннан кейін, халықтың 38%-ы қазақтар еді, сәйкесінше орыс тілді 
халық көп болды. Қазір қазақтар – 64%, орыстар – 21–22%. Осындай стати-
стикалық өзгерістерге байланысты қоғамдағы жалпы көрініс өзгере ме, 
осы уақыт ішінде демографиялық ауысуларға байланысты мемлекеттің 
шіркеуге деген қарым- қатынасы мен көзқарасы өзгерді ме?
Протоиерей Александр: Мен жағдайдың нашарлағанын байқаған 
емеспін. Мемлекет шіркеуге жақсы көзқараста және олар біздің өтінішімізді 
тыңдауға тырысады және заң аясында оның бәрі орындалады. Алайда 
мұндай бағыт сақталатынына да сенімді бола алмаймыз. Біз ештеңеге 
де сенімді бола алмаймыз.
Томас Хельм: Жақсы, діни ұйымды тіркеуге және ресми түрде қабылдауға 
қатысты бірінші мәселені анықтай алдық, екінші сұрақ діннің күнделікті 
өмірдегі тәжірибесіне тікелей қатысты. Тәжірибе демекші, көп жағдайда 
мәселе сіздердің де, басқа конфессиялардың да діни қызметшілерінің 
бастапқы біліміне байланысты болады. Православие дін қызметшілері 
қайда білім алады және мемлекет білім беру процесін бақылауға қатыса ма?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет