50
Қазақстандағы діни сенім бостандығы туралы
Протоиерей Александр: Бұл өте қызықты сұрақ. Осы мәселеге қаты-
сты нақты мысал келтіре аламын. Мен шіркеу және мемлекет арасын-
дағы қатынастар департаментінің басшысымын. Бұл шіркеу ғимараты тек
қана мемлекеттің меншігі болып табылады, өйткені ол – сәулет ескерткіші.
Мемлекеттік мүлік туралы заңға сәйкес, қайта қалпына келтіру жұмыс-
тары да жүргізілуі керек, соның ішінде мемлекеттік бюджет есебінен де.
Іс жүзінде бірде-бір мемлекеттік теңге бөлінген жоқ. Қалалық муници-
палитеттен шамалы сома бөлінді, оның өзінде бұл жеке кәсіпкерлердің
қаржысы болатын. Шіркеуді қалпына келтіруге митрополиттің жеке таны-
стары мүмкіндік жасады. Біз мемлекеттен 10 жыл бойы шіркеуді күрделі
жөндеуден өткізу қажет деп сұрадық және ескерттік, бірақ құрғақ уәде-
ден басқа ештеңе болмады.
Томас Хельм: Яғни, ғимарат мемлекет меншігі болғандығына қарамас тан,
қазіргі кезде қалпына келтіру және реставрациялық жұмыстар қоғамда-
стықтың немесе демеушілердің есебінен жүзеге асырылуда ма?
Достарыңызбен бөлісу: