51
Қосымша
2016 жылдың наурызында митрополит ел Президенті Н. Назарбаевпен
кездесті, яғни соборды қалпына келтіру мәселесі талқыланды. Президент
бұл соборды қалпына келтіруге қатысатын қаржылық құрылымдар, деме-
ушілер, ірі бизнес ықыласын мақұлдады және олар президенттің көмек-
тесуі арқасында жәрдем жасасты. Алайда, мен мұны үшінші рет қайта-
лап айтамын, бұл бюджеттің ақшасы емес. Заңға енгізілуі жоспарланған
түзетулер шіркеудің қаржысы мен қайырымдылықтар арқылы түскен
түсімдерді толықтай бақылауды көздеген болатын, бірақ та мемлекет
тарапынан ешқандай көмек жоспарланбады. Сондықтан мен үшін бұл
жайт түсініксіз: бір жағынан, біз мемлекеттен бөлекпіз, егер олар біздің
қаражаттарымызды есептесе, бұған қалай да бір түрде қатысуы керек;
егер олар оған қатыспаса, онда оларға бұл не үшін қажет?
Томас Хельм: Кез келген елдегі мемлекет пен діннің қарым- қатынасы
белгілі бір ерекшеліктерді туындатады. Германияда мемлекет діни қыз-
метке мүлдем араласпайды. Қазіргі уақытта біз Германияда тұратын
мұсылмандарды белгілі бір бажды төлеуге көндіре аламыз ба деген
тақырып бойынша парламенттік пікірсайыстарды белсенді түрде жүргізу-
деміз. Бұл ретте механизмдер барынша бірдей. Мешіттерге бөлінетін
белгілі дәрежедегі түсімдер бар, олар ұлтаралық және конфессияаралық
араздықты тарату үшін де пайдаланылуы ықтимал. Екінші жағынан, өте
үлкен ескі шіркеулер бар, прихожандар қауымдастығы қысқаруда, като-
ликтер мен протестанттар азайып келеді. Сондықтан да, ғимараттарды,
мысалға, Еуропадағы ең үлкен ғимараттардың бірі – Кёльн соборының
күмбезін реставрациялау және қалпына келтіруді қалай шешуге болады
деген сұрақтар әрине туындайды.
Достарыңызбен бөлісу: