«Мицва» қауымдастығы Заңды тұлғаларының
бірлестігі кеңесінің төрағасы, Қазақстан халқы
Ассамблеясы Кеңесінің мүшесі Александр Баронмен
сұхбаттан негізгі үзінділер
Александр Барон сұхбат басталғанда Қазақстанда заңнамалық деңгейде
елдегі этностық топтардың өздерінің мәдениетін дамытып, ана тілі мен
салт-дәстүрлерін зерделеп, қауымдық орталықтар мен діни ғимаратта-
рын, соның ішінде еврейлер қауымы да өздерінің орталықтары мен сина-
гогаларын салуға және ашуға құруға мүмкіндік беретін барлық жағдай
жасалғанын атап өтті. Республикада антисемитизм жағдайлары тіркел-
ген жоқ. Керісінше, толеранттылық пен ұлтаралық келісім – бұл елдің
басты әрі ерекше нышандарының бірі. Еліміздің Тұңғыш Президенті
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясы қоғамдық институ-
тын құрды, мұнда республиканың барлық этностары бір-бірімен өзара
сыйластық пен сенім қағидаттарында қарым- қатынас орнатып, этноса-
ралық келісім тақырыбында мерекелер мен концерттік бағдарламалар,
форумдар ұйымдастырады.
Александр Барон қауымның тарихына қысқаша шолу жасап, қазіргі
Қазақстан аумағында еврейлердің алғаш пайда болуы Ұлы Жібек жолы
заманынан бастау алады деп мәлімдеді. Бұл тезисті қолдай отырып,
«Мицва» қауымдастығының басшысы жуырда Түркістанда орта ғасыр-
ларда салынған синагога табылғанын нақты мысал ретінде келтірді.
Тарихи тұрғыдан Қазақстанда ашкеназдар (еуропалық еврейлер), бұха-
ралық еврейлер, тау еврейлері, лахлухтер (күрд еврейлері) тұрады.
Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында Қазақстанда еврей қауымының
саны едәуір артты. Еврейлер санының қарқынды өсуі фашист әскерлері
тез жақындап келе жатқан Украинадан, Беларуссиядан және Ресейден
мыңдаған эвакуацияланған азаматтардың Қазақстанға келуімен байла-
нысты болды. Эвакуацияланғандардың көпшілігі еврейлер еді. Ол кезде
республикадағы еврейлердің саны 700 мыңға жуық адам болатын.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін эвакуацияланған еврейлердің бір
бөлігі дәстүрлі тұрғылықты жерлеріне оралды, бірақ көптеген отбасы
Қазақстанда қалып қойды, осы республика олар үшін жаңа үйіне айналды.
57
Қосымша
Тәуелсіздік алғаннан кейін, яғни Екінші дүниежүзілік соғыс оқиғалары
аяқталғаннан 46 жыл өткен соң еврей халқының саны өзгерді. КСРО ыды-
раған кезде «темір құрсау» ашылып, Израиль, АҚШ, Канада және Гер-
манияға көші-қон ағыны басталды. Көшулеріне себеп болған екі негізгі
фактор – тарихи отанына, яғни Израильге оралу және экономикалық
тұрғыдан барынша қолайлы елдерге көшу ниеті.
Дегенмен, Қазақстан тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап елдің
табысты әлеуметтік- экономикалық дамуы үшін заңнамалық негіз жасай
алды. Толеранттылық пен ұлтаралық келісім экономикалық өсуді және
әлеуметтік сектордың дамуын қамтамасыз етті. Осыған байланысты,
эмиграция біртіндеп төмендеді, ал көптеген бұрынғы қазақстандықтар
бизнестерін бастап жүргізу үшін өздерінің кіндік қаны тамған отанда-
рына орала бастады.
Қазір республикадағы еврейлердің саны 50 мың адамды құрайды. Қауым-
дар қарқынды дамуда, әрбір өңірде, яғни 14 облыста және әрқайсы-
сында миллионнан астам тұрғыны бар үш қала Нұр- Сұлтан (Қазақстан-
ның елордасы), Алматы мен Шымкентте қауымдық орталықтар жұмыс
істейді. Нұр- Сұлтан, Алматы, Шымкент, Қарағанды, Қостанай, Павлодар
қалаларында синагогалар бар.
Синагогалардың көбі Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі жария-
ланғаннан кейін салынды. Сұхбат алушының діни ғимараттар қауымның
немесе мемлекеттің меншігі болып табыла ма деген сұрағына, «Мицва»
қауымдастығының басшысы аталған мүліктердің барлығы қауымдардың
меншігінде екенін атап өтті.
Сұхбат алушы, менің білуімше, Алматыдағы Вознесенский кафедралды
соборы мемлекет меншігінде емес пе деді. Александр Барон бұл мәлімде-
менің жалған екендігін атап өтті. Ол Қазақстан халқы Ассамблеясы
Кеңесінің мүшесі ретінде еліміздің 100 қауымынан келген әріптестерімен
бірге Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарба-
евтың Орыс Православие шіркеуіне Әулие- Вознесенск кафедралды собо-
рын қайтару туралы жариялаған тарихи сәтінде өзі тікелей қатысқанын
айтты. Александр Барон республикадағы синагогалардың құрылысын
еврейлер қауымы қаржыландырғанын нақтылап өтті.
58
Қазақстандағы діни сенім бостандығы туралы
Бұл ретте «Мицва» қауымдастығының басшысы маңызды бір мәселеге
назар аударды: Қазақстанда мемлекет діни бірлестіктердің істеріне
араласпайды.
Сұхбат алушы әңгіме барысында Қазақстандағы еврейлердің қауіпсіздігі
туралы сұрақ қойды: бұл мәселеге назар аудару себебі, ислам дінін ұста-
натын қазақ халқының саны едәуір өсіп келе жатқанымен байланысты.
Ал осы процесс бұл жердің байырғы тұрғыны емес еврейлер үшін қауіп
төндірмей ме? Александр Барон еврейлер Қазақстанда өздерін қауіпсіз
және жайлы сезінетінін түсіндірді. Сонымен қатар, Қазақстан өзін әлемдік
және дәстүрлі діндер арасындағы үнқатысудың халықаралық алаңы ретінде
көрсетті. Мәселен, миллениумде Алматыдағы Достық үйінде раввиндер
және имамдар арасында халықаралық кездесу өтті, оның барысында кон-
фессияаралық үнқатысудың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты.
Александр Барон сұрақтарға егжей- тегжейлі жауап бере отырып, Қазақстан
халқы Ассамблеясының тақырыбына қайта оралды. Қазақстанның
Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 1995 жылы
құрылған Ассамблея конфессиялардың ішкі сындарлы үнқатысуы үшін
де, республикада әлемдік және дәстүрлі діндердің өкілдері өзекті мәсе-
лелерді ашық талқылай алатын халықаралық алаң құруға да негіз болды.
Мұсылмандар, еврейлер, басқа да конфессия өкілдері өздерін елдің
біртұтас халқының бір бөлігі деп санайды және этностық топтардың діни
әрі мәдени ерекшеліктерін ел мақтана алатын рухани байлық деп есеп-
тейді. Сонымен бірге, барлық ұлттар мен ұлыстар бүкіл Қазақстан халқын
біріктіруші қазақ мәдениетін құрметтейді. Александр Барон тарихқа шолу
жасай отырып, еврейлер мен қазақтардың қарым- қатынасы бірлік пен
келісімнің үлгісі екенін тағы да бір мәрте растады.
Қазіргі еврей қауымы XIX ғасырдың екінші жартысында қалыптаса бастады,
сол кезде осы өңірге көшіп келген еврейлердің көпшілігі қолөнершілер
мен дәрігерлер болды. Олар ауызекі қазақ тілін меңгерді. Бұл жайт жақын
ықпалдасудың өте маңызды құралына айналды. Екінші дүниежүзілік
соғыс кезінде қазақтар эвакуацияланған азаматтармен, олардың ара-
сында еврейлермен де, қолдарындағы барымен бөлісті. Өз кезегінде,
негізінен зиялы қауым өкілдерінен тұратын эвакуацияланған адамдар
59
Қосымша
республика индустриясының, ғылымы мен мәдениетінің дамуына айтар-
лықтай үлес қосты.
Бұл кезде сұхбат алушы Берлиндегі толеранттылыққа қатысты жағдай
туралы мысал келтірді, мұндағы қоғамдық орталықтар мен синагогалар
үнемі күзетіледі, яғни бұл қажеттілік. Германияда толеранттылықтың
жетіспеушілігін жиі көруге болады, Германияға Таяу Шығыстан, Түркиядан
және басқа мемлекеттерден келген радикал исламшылдар жазықсыз аза-
маттарға орынсыз шабуылдайды. Осыған байланысты Александр Барон
Қазақстанда мұндай проблема жоқ екенін тағы да атап өтті. Барлық этнос-
тық топтар бір-бірімен жақсы тіл табысады. Ол тағы да тарихқа үңіліп,
1497 жылы еврейлер Испаниядан қуылған кезде Түркияға бас сауғалап,
сол жерде толықтай ықпалдасқандығын еске алды. Түркияда еврейлердің
діни жораларына ешқашан тыйым салынбаған. Израиль Түркиямен
дипломатиялық қатынастарды ғана емес, сонымен бірге тығыз экономи-
калық ынтымақтастықты қолдайды, ал егер Қазақстан туралы айтатын
болсақ, еврей және түрік қауымдары өзара қарым- қатынасты достық
және тату көршілік жағдайында, сондай-ақ басқа да барлық этномәдени
бірлестіктермен достық және тату көршілік жағдайында тұрады.
Александр Барон өзін тұрғылықты қазақстандық екеніне, яғни кіндік
қаны тамғаннан бастап республикада тұрып жатқанын атап өтті. Дәрігер
болғандықтан ол бүкіл елді аралап, қарапайым адамдармен, ауыл тұрғын-
дарымен де, көшпелі қойшылармен да кездесті және әрдайым бұл адам-
дардың қаншалықты әдемі, қонақжай, ашық және жайдары жан екеніне
үнемі көз жеткізеді.
Қазақстандағы этностық топтар арасындағы тарихи және мәдени қаты-
настар тақырыбын жалғастыра отырып, Александр Барон қазақтардың
этностық немістерге мейірімді көзқараста екенін айтты. Қазақтар да,
немістер де, КСРО-ның басқа халықтары сияқты қатал сталиндік жыл-
дарды – аштық, жоқшылық, қуғын- сүргінді бастарынан өткерді және
осы азапты жылдар халықты біріктірді. Кейінгі кезеңдерде бірлікке деген
серпіліс, жасампаздық пен ізгілік жағдайында өмір сүруге деген ұмтылы-
стан пайда болды. Александр Барон «қажеттілік адамдарды біріктіреді,
бірақ бейбіт аспан, молшылық және сенімге деген қуанышты сезім де
адамдарды біріктіреді», – деп атап өтті.
60
Қазақстандағы діни сенім бостандығы туралы
«Мицва» қауымдастығының басшысы, Томас Хельмнің (сұхбат алушы-
ның) антисемитизм КСРО-да мемлекеттік деңгейде болған, бірақ та сол
кездегі Қазақстан басшылығы орталықпен, яғни КСРО астанасымен салы-
стырғанда толерантты болған, осыған байланысты Екінші дүниежүзілік
соғыс жылдары Қазақстанға эвакуацияланған адамдардың көбі республи-
када тұрақтап қалып, нақты отандарына оралмады деген пікірімен келісті.
Сұхбат алушы сұхбат барысында этностық топтардың бір діннен екіншісіне
ауысу фактілері бар ма және аралас некеде діни сенімін өзгерту про-
блемалары бар ма деп сұрады. Бұған Александр Барон: «Әрине, әсіресе
Қазақстан сияқты көп ұлтты елде аралас неке белгілі құбылыс», – деп
тұжырымды жауап берді. Ерлі-зайыптылардың әртүрлі дінді ұстануынан
туындайтын проблемалар туралы фактілер оған белгілі емес, қайта үлгілі
интернационалдық отбасылардың мысалдары белгілі, олардың ішінде
көрнекті суретшілер Гүлфайрус Исмаилова мен Евгений Сидоркиннің
отбасы немесе әкесі этникалық еврей, ал анасы этникалық неміс болған
Қазақстан жазушысы Морис Симашконың отбасы да бар. Морис Симашко
өзінің «Төртінші Рим» автобиографиялық романында сүйіспеншілікте,
тамаша зиялы отбасында өскенін жазды.
Әрі қарай Александр Барон діни сенімді өзгертуге қатысты сұрақтың
бірінші бөлігіне жауап берді. «Кез келген адам этносына қарамастан, хри-
стиан немесе мұсылман бола алады. Иудаизмде басқаша, дәстүр бойынша
еврей мен иудей түсінігі бір-бірінен ерекшеленбейді, яғни иудей болу
үшін сіз еврей болуыңыз керек. Бұл жол оңай емес, бірақ мүмкін. Мұны
істеу үшін сіз арнайы гиюр рәсімнен өтуіңіз керек, бұл бір күннің немесе
бір айдың мәселесі емес, бұған кейде бірнеше жыл да қажет болады, яғни
сіз дәстүрді толығымен бойыңызға сіңіріп, оны жақсы түсінуіңіз керек».
«Мицва» қауымдастығының басшысы: «Мұндай жағдайлар бар және, менің
білуімше, бұған ұмтылғанның бәрі мақсатына жетеді», – деп атап өтті.
Александр Барон «Мицва» қауымдастығының еврейлер қауымы орта-
лықтары бүкіл этностардың, мәдениеттер мен барлық жастағы адамдар-
дың өкілдері үшін ашық екенін де баса айтты. Бізге еврей отбасылары,
аралас отбасылар және басқа да этностық топтардың өкілдері келеді және
бұл керемет, өйткені олардың бәрі жаңа нәрселерді үйренуге деген ынта-
ларымен біріккен. «Кез келген білім адамды мәдени тұрғыдан байытады,
біз бәріне қуаныштымыз», – деді. «Мицва» қауымдастығының басшысы
61
Қосымша
қауымдастық бағдарламаларына қатысушылардың жас құрамына да зер
салып, қауымдағылардың көбісі жас адамдар екеніне тоқталды.
Бұрын, егер КСРО-ның құлдырау кезеңі туралы айтатын болсақ, онда
қауымға негізінен қарт адамдар бет бұрған болатын, бұл кеңес басшы-
лығының діндер мен ұлттық мәдениеттердің дамуын ынталандырмағаны-
мен байланысты еді. Ал қазір қауымда жастар көп. Жастар біздің басты
байлығымыз және негізгі ресурсымыз деп айта аламыз, бір жағынан,
еврей дәстүрімен және мәдениетімен танысқысы келетін, екінші жағынан,
көшбасшылық қасиеттерді дамытып, жаңа достар тауып, өздерінің идея-
ларын ұсынатын және іске асыратын, адамдарға көмектесуді үйренетін,
өмірде өз орнын тапқысы келетін адамдар бізге келеді. Бұл үшін бізде
барлық мүмкіндік бар, – деп «Мицва» қауымдастығының басшысы сөзін
қорытындылады.
Достарыңызбен бөлісу: |