Баяндама томас Хельм Баяндама Қазақстандағы діни сенім бостандығы туралы



Pdf көрінісі
бет45/48
Дата07.02.2022
өлшемі14,74 Mb.
#97667
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48
Байланысты:
KAZ Fin

Протоиерей Александр: Сұхбатымның сіз үшін пайдалы болғанын қалай-
мын. Бірақ та, көріп отырғанымыздай Батыс – бұл бәрінен де бұрын бар-
лық заңдардың үстемдігі. Қоғамның батыстық құрылымы барлығын Заң 
алдында теңестіруге тырысады. Премьерден бастап аула сыпырушыға 


55
Қосымша
дейін – барлығы да тең және ортақ құқықтарға ие. Бізде түрлі «дандай-
сушылық» көп. «Қоңырау шалу» құқығы, «қымбат көліктер» құқығы, 
лауазым құқығы… Біздің өркениетіміздің қауіптілігі неде? Оның ішінде 
Ресейді де меңзеп отырмын. Оны посткеңестік әлем деп айту қиын. Бұл 
Кеңес Одағының ықпалы ма, мүмкін Византияның мұрасы шығар. Енді 
елестетіп көріңізші, азаматтық қоғам: Батыста азаматтық қоғамның 
өмірі заңға бағынады және сіз ертең не болатын білесіз, ал осында, яғни 
Ресейде, Қазақстанда және басқа да елдерде, бәрі көшбасшыға байланы-
сты. Алайда, біз үшін бұл үйреншікті жәйт. Ертең олар заңға және консти-
туцияға қайшы келетін нәрсені ойлап табуы мүмкін, ал оны бәрі орын-
дауға мәжбүр болады. Мен жасөспірім болған кезімде, Кеңес Одағының 
соңғы күндері, олар радиодан біз бүгіннен бастап 3 күн ішінде барлығын 
өзгертеміз деді, бұл қарапайым қоғам таңғаларлық жағдай ғой. Ал біз 
үшін бұл үйреншікті жәйт. Біздің қоғамның басты қаупі – болжап, бағдар-
лай білудің мүмкін еместігі. Міне, сондықтан да мүмкіндігі бар адамдар 
алдын ала жоспарланған өмір сүру үшін Еуропаға кетуге тырысады.
Томас Хельм: Сізге тағы да алғысымды білдіремін. Бұл сұхбат біздің 
есебімізді жазуға үлкен көмегін тигізеді. Мерзімі туралы айтар болсам, 
шілденің аяғында біз өз есебіміздің жартысын беруіміз керек, ал осы 
жылдың соңында Германияда жариялайтын боламыз. Ал қазақстандық 
нұсқасына келер болсақ, сәйкесінше келесі жылдың бас кезінде. Әрине, 
біз сізді хабардар етіп тұрамыз. Сізге көп рахмет!
(Әңгімелескен Томас Хельм, Қазақстандағы Конрад Аденауэр атындағы
Қордың директоры. 2019 жылғы 2 наурыз, Алматы).


56
Қазақстандағы діни сенім бостандығы туралы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет