Томас Хельм: Кімнен?
Протоиерей Александр: Бірақ бұл қысым мемлекет тарапынан емес.
Томас Хельм: Демек, бұл қоғамның тарапынан ба?
Протоиерей Александр: Бұл отбасы, ата-ана, қоғам…
Томас Хельм: Иә, Роман Подопригора да осы жөнінде айтқан болатын.
Протоиерей Александр: Кейінгі кезде протестанттық қауымдармен және
католик шіркеуімен өте жақсы достық қатынастар орнаттық. Мемлекет
тарапынан жүзеге асқан бір жағымды жайтты атай кету керек. Мемлекеттің
қатысуымен Алматыда діни бірлестіктер лидерлерінің клубы құрылды
және біз бір-бірімізбен бейресми деңгейде жылы ниетті сипатта арала-
сып тұрамыз. Атап айтқанда, Құрбан айт болған кезде Алматы мешітінің
бас имамы барлық конфессия өкілдерін, соның ішінде мені де мешітке
шақырды. Мешітке бардық. Бұл өте әсерлі және жақсы сапар болды. Діндер
арасындағы осындай жартылай ресми деңгейдегі қарым- қатынастар жылы
ниетті және өте жақсы деңгейде. Сонымен қатар, біздің сұрағымызға да
назар аударайық, егер де адам басқа дінге ауысса, оның бұрынғы ұйымы
оған ешқандай қысым жасамайды, кейбір ұсақ бірлестіктерді қоспағанда,
мен мұндай жағдайларды кездестірмеппін. Мүмкін, мұндай қысымды
Неопятидесятниктер (New charismatic, new Pentecostal), Иегова куәгер-
лері, саентологтардың (оларда бәрі өте «ақылды» ұйымдастырылған,
яғни адамдарды көбінесе қаржылық тәуелділікке душар етеді) бұрынғы
мүшелері бастарынан өткерген шығар және мен де осындай жағдай-
лардан хабардармын. Бұл, негізінен, қатаң бекітілген мүшеліктері бар
осындай бірлестіктерге тән, сонымен қатар бұл қауымдар әдетте жабық
қауымдар болып табылады.
Томас Хельм: Көп рахмет! Енді бізде мазмұнды ақпарат өте көп. Бізге
сұрақтарыңыз бар ма?
Достарыңызбен бөлісу: |