49
Қосымша
түзетулерге сәйкес, бакалавриатта оқу мемлекет аумағында орналасқан
оқу орындарында ғана мүмкін болды. Бұл барлық діндерге қатысты. Бұл
мысалға, мемлекет пен оқу орны арасында арнайы келісім жасалмаса,
білім қуған жас адамның Алматыдан Ресейге немесе Грецияға білім алуға
бара алмайтынын білдіреді. Мен қазір исламдық тарапты талқыламаймын,
онда проблемалар бар, өйткені Катар, Түркия, Египет және Сауд Арабия-
сындағы исламдық білім беру бір-бірінен өте ерекшеленеді және мем-
лекеттің қорқыныштары бекер болмауы мүмкін. Ал православие туралы
айтар болсақ, мектептің қай жерде орналасқаны – бұл қалыпты жайт,
мысалы, біздің бір қызметкеріміз қазіргі кезде Гёттингенде білім алуда.
Бұл – біз үшін өте жақсы тәжірибе. Бірақ осы студенттер нені жоғалтады?
Алматы семинариясындағы білім деңгейі Ресей, Греция, Нью- Йорк, Гер-
мания немесе басқа елдерге қарағанда төмен деңгейде екенне ешқан-
дай күмән жоқ. Алайда, бірінші ауқымды сұрақты аяқтайын, меніңше,
бұл туралы сізге Роман айтып өтті. Биыл 29 қаңтарда түзетулер қайта-
рып алынды, одан кейінгі уақытта мен бұқаралық ақпарат құралдарында
осы заңның талқыланғанын естіген жоқпын. Сондықтан да бұл мәселені
мемлекет қалай реттейтінін мен білмеймін. Менің ішкі түйсігім бойынша,
қазіргі уақытта мемлекетте үлкен өзгерістер орын алуда және, менің
пікірімше, бұл мәселе халықты мазаламау үшін жай ғана кейінге қалды-
рылды. Меніңше, Президенттің соңғы жолдауынан көріп отырғаныңыз-
дай, мемлекеттің әлеуметтік саласы, үкіметтің ауысуы өте сыни жағдайда
жүріп жатыр. Мемлекет шұғыл шаралар қабылдауы керек және, менің
ойымша, дін мәселесі кейінге қалдырылды.
Томас Хельм: Мемлекет пен шіркеулердің өзара қарым- қатынасына
тоқталсақ, Германияда үлкен шіркеулер бар, мысалы, дәстүрлі конфес-
сиялар: христиан, иудаизм; мемлекет сонымен қатар белгілі бір қаражат
жинайды, бірақ сонымен қатар приходтардың өзінен алынатын салық бар,
яғни әрбір тіркелген приход пен осы приходтың әрбір мүшесі, тұрақты
келушісі, олар белгілі бір ақша сомасын төлейді және осы ақша кейін
мемлекеттік бюджетке түседі.
Достарыңызбен бөлісу: