Сұраулы сөйлемдер
Interrogative sentences
Ағылшын тілінде сұраулы сөйлемдердің бірнеше түрі бар: жалпы, арнайы, балама (альтернативті) және бөлшекті.
Жалпы сұрақтар
General questions
Бұл сұрақтар барлық сөйлемге қойылады. Бұндай сұрақтарға ия немесе жоқ деп жауап беруге болады. Көмекші және модальды етістіктер сөйлемнің басында зат есімнің алдына қойылуы арқылы жасалады. Басқа негізгі етістіктермен жалпы сұрақ қойғанда do (does, did), will/shall, have/has көмекші етістіктері арқылы жасалады. Олар оқылғанда дауыс ырғағы сөйлем соңында көтеріледі.
|
He
|
is
|
a teacher
|
|
Is
|
he
|
-
|
a teacher?
|
Yes, he is
|
|
|
|
|
No, he is not (isn’t)
|
|
I
|
have
|
a book.
|
|
Have
|
I
|
-
|
a book?
|
Yes, I have.
|
|
|
|
|
No, I have not (havn’t).
|
|
She
|
lives
|
in Karaganda.
|
|
Does
|
she
|
live
|
in Karaganda?
|
Yes, she does.
|
|
|
|
|
No, she does not (doesn’t).
|
Балама (альтернативті) сұрақтар
Alternative questions
Балама сұрақтар екі зат, адам, әрекет, белгілері және т.б. арасынан біреуін таңдап алып, сөйлемнің қайсыбір мүшесіне қойылады. Балама сұрақ (жалпы сұрақ сияқты) етістіктен немесе сұрау есімдігінен (арнайы сұрақ сияқты) басталуы мүмкін және or (әлде) жалғаулығы міндетті түрде қосылуы керек.
Мысалы:
Are you a student or a teacher? I am a student.
Сен студентсің бе, әлде мұғалімсің бе? Мен студентпін.
Сөйлемнің барлық мүшелеріне қойылған балама сұраққа жауап (бастауыштан басқа) толық түрде беріледі.
Мысалы:
When will you do this work today or tomorrow? Бұл жұмысты сіз қашан бітіресіз, бүгін әлде ертең бе?
I shall do it tomorrow. Мен оны ертең бітірем.
Егер балама сұрақ бастауышқа қойылса, онда көмекші етістік немесе модальдық етістік екі рет қолданылады (әр бастауыштың алдында).
Мысалы:
Do you or does your brother help them? Оларға сіз бе әлде ағаңыз көмектесе ме?
My brother does. Менің ағам.
Бөлшекті сұраулы сөйлемдер
Disjunctive or tail questions
Мұндай сұраулы сөйлемдер екі бөлімнен тұрады: бірінші бөлім – хабарлы сөйлем (болымды, не болымсыз) тура сөз тәртібі сақталған, екінші - оған көмекші етістік болымсыз, я болымды түрінде жалғасып сұраққа айналады, ол қзақ тіліндегі солай емес пе деген тіркеске сәйкес келеді. Егер сұраулы сөйлемнің бірінші бөлімі болымды болса, екінші бөлімдегі етістік болымсыз түрде тұрады. Егер бірінші бөлімі болымсыз болса, екінші бөлімдегі етістік болымды түрде тұрады. Бірінші бөлімдегі көмекші етістік немесе модальдық етістік екінші бөлімде қайталанады.
Мысалы:
He works at school, doesn’t he? Ол мектепте істейді, солай емес пе?
My friend didn’t help you, did he? Менің досым саған көмектеспеді, солай ма?
Достарыңызбен бөлісу: |