Байланысты: А.А.Унгарбаева АҒЫЛШЫН ТІЛІНІҢ ГРАММАТИКАСЫ
Аралас шартты бағыныңқы сөйлемдер Кейде бағыныңқы және басыңқы сөйлемдердегі іс-әрекет әр түрлі кезеңге қатысты болады. Ондай жағдайда шартты сөйлемнің әр бөлігінде мағынасына қарай шартты райдың формалары қолданылады. Бұл сөйлемдер аралас шартты бағыныңқы сөйлемдер деп аталады.
Шартты бағыныңқы сөйлем
Басыңқы сөйлем
Past Indefinite
should/would + Perfect Invinitive
If you knew English
Егер сен ағылшын тілін білгенде
you would have got agood job last year.
сен өткен жылы жақсы жұмысқа орналасар едің.
Past Perfect
should/would + Invinitive without to
If you had studied better
Егер сен жақсырақ оқығанда
you would finish the college now.
колледжді қазір бітірер едің.
Жалғаулықсыз шартты бағыныңқы сөйлемдер. Шартты сөйлемдердің негізгі шартты if, unless, suppose, provided және т.б. болып табылады. Егер нақсыз бағыныңқы шартты сөйлемдерде were, had, could, should етістік формалары болса, if жалғаулығы түсіп қалуы мүмкін. Жалғаулықсыз шартты бағыныңқы сөйлемдер басыңқы сөйлеммен баяндауыш инверсиясы арқылы байланыстырылады. Мысалы:
Were it warmer I should bathe in the sea. - Қазір жылы болғанда, мен көлде шомылар едім.