Бейорганикалыќ Ќосылыстардыѕ негізгі кластары



бет57/182
Дата21.10.2022
өлшемі5,09 Mb.
#154384
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   182
Байланысты:
бейорганикалық химия дәрістер

Қайталау сұрақтары



  1. Ерітіндідегі өткізгіштік дегеніміз не?

  2. Швед ғалымы Сванте Аррениус 1887 жылы қандай құбылысты ұсынды?

  3. Амфолиттер дегеніміз не?

  4. Тепе-теңдік күйдің сандық сипаттамасы?

  5. Диссоциация дәрежесі қандай құбылыстарға тәуелді болады?



13. СУДЫҢ ДИССОЦИАЦИЯЛАНУЫ


Дәріс жоспары

1. Судың диссоциациялануы. Сутектік көрсеткіш.


2. Иондық алмасу реакциялары. Тұздар гидролизі.
3. Кешенді иондардың диссоциациясы.


Судың диссоциациялануы. Сутектік көрсеткіш

Су – әлсіз амфотерлік электролит. Судың диссоциациялану теңдеуі:


2 Н2О Н3О+ + ОН-
немесе
Н2О Н+ + ОН-
Теңдеуден көрініп тұрғанындай, Н+ және ОН- иондарының концентрациялары бірдей, сондықтан диссоциация кезіндегі судың концентрациясы [Н2О] іс жүзінде тұрақты қалады. Демек, диссоциация тұрақтысының мәні де тұрақты күйде қалады:
Судың диссоциация дәрежесі өте кіші болғандықтан, судың диссоциацияланбай қалған молекулаларының тепе-теңдік концентрациясы

2О] судың жалпы концентрациясына тең, яғни
Онда К = [Н+] [ОН-] = К[Н2О] = 1,8 · 10-16 · 55,55 = 1,0 · 10-14 = Kw,
мұндағы Kw судың иондық көбейтіндісі.
Таза судағы сутек иондары мен гидроксид-иондарының концентрациялары тең және 25°С кезінде [Н+] = [ОН-] = 10-7 моль/л құрайды.
Кез келген сулы ерітіндінің ортасын сутек иоидарының концентрациясымен [H+] немесе гидроксид-иондарының концентрациясымен [ОН-] сипаттауға болады:
а) егер [Н+] = [ОН-] = 10-7 моль/л болса, онда орта бейтарап;
б) егер [Н+] > [ОН-] , [Н+] > 10-7 моль/л болса, онда орта қышқылдық;
в) егер [Н+] < [ОН-] , [Н+] < 10-7 моль/л болса, онда орта сілтілік.
Әртүрлі қышқылдықта болатын ерітінділердегі сутек иондарының концентрациясы көп реттілікке өзгере алады. Сондықтан, ыңғайлы болуы үшін сутек иондары концентрациясының теріс ондық логарифмін пайдаланады, оны сутектік көрсеткіш деп атайды рН (пэ-аш):


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   182




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет