Бейорганикалыќ Ќосылыстардыѕ негізгі кластары



бет54/182
Дата21.10.2022
өлшемі5,09 Mb.
#154384
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   182
Байланысты:
бейорганикалық химия дәрістер

Молекулалы-дисперсті, ондағы зат бөлшектері ион, атом, молекула түрінде жүреді. Бұл шын ерітінділер.

  • Дисперсті жүйелер, ондағы бөлшектер өлшемі 10-6 м дейін, олар тұрақсыздау және уақыт өткен сайын дисперстік фазаға және дисперстік ортаға бөлінеді.

  • Жоғары дисперсті немесе коллоидты жүйелер, ондағы бөлшектердің орташа диаметрі 10-6 – 10-9

    Дисперстік орта мен дисперстік фазаның агрегаттық күйіне байланысты дисперстік жүйе түрлері (3-кесте) болады.
    Дисперстік жүйелердің негізгі түрлері
    3-кесте

    Дисперстік орта

    Дисперстік фаза

    Дисперстік жүйе

    Сұйық

    Қатты

    Жүзгіндер, зольдер (бояулар)

    Сұйық

    Сұйық

    Эмульсия (сүт, майонез)

    Сұйық

    Газ тәрізді

    Көбіктер

    Газ тәрізді

    Қатты

    Аэрозольдер (түтін, шаң, тұмша)

    Газ тәрізді

    Сұйық

    Аэрозольдер (тұман, бұлт)

    Қатты

    Қатты

    Тау жыныстары, балқыма, қола

    Қатты

    Сұйық

    Қатты эмульсия (май); гель (желе, агар-агар)

    Қатты

    Газ тәрізді

    Кеуек материалдар (қыш, пемза )

    Дисперстік жүйелер арасындағы коллоидтық ерітінділердің (зольдердің) орны ерекше – ол дисперстік ортасы сұйық жоғары дисперстік жүйе. Коллоидтық бөлшектерді мицелла дейді.


    Коллоидты ерітінділерге (зольдерге) электролитті қосқанда түйір заряды азаяды, бұл бөлшектердің жабысуына әкеледі. Осылайша коллоидтық бөлшектердің үлкен агрегатқа айналуын ұю (коагуляция) деп атайды.
    Ұю нәтижесінде, не салмақтық күш әсерінен бөлшектер тұнбаға түсуі мүмкін (бұл процесті седиментация дейді), ол жартылай қатты серпімді массаға (гель не сірнеге) айналуы мүмкін.
    Коллоидты ерітінділер организмдердің тіршілігінде үлкен рөл атқарады және әртүрлі технологиялық процестерде кеңінен қолданылады: сабын қайнатуда, қағаз, тоқыма өнеркәсібінде, дәрі-дәрмек және т.б. өндірістерде.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   182




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет