Бейорганикалыќ Ќосылыстардыѕ негізгі кластары



бет45/189
Дата22.12.2023
өлшемі5,26 Mb.
#198425
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   189
Байланысты:
химия дәрістер

3. Молекулалық тор. Тор түйіндерінде молекулалар орналасады, олардың арасында вандерваальстік немесе сутектік байланыс күштері болады. . Молекулалық торлардағы молекулааралық әрекеттесу иондық және атомдық кристалдардағыдан едәуір әлсіздеу. Сондықтан молекулалық кристалдар төменгі температурада балқиды және ұшуға бейім. Мұндай заттар ток өткізбейді. Молекулалық торы бар заттарға йод, сахароза, камфора және т.б. мысал болады.
4. Металдық тор. Мұндай торлардың түйіндерінде металдардың иондары болады, ал валенттік электрондар бүкіл кристалл көлемінде таралған (делокализденген). Мұндай кристалдарды s- және р- металдар түзеді, олар аса жоғары емес балқу температурасымен және қаттылығымен сипатталынады. Онда “электрондық газдың” болуы жоғары ток және жылу өткізгіштікті қамтамасыз етеді, сол сияқты металға соғылғыштық және иілгіштік сипат береді.

6. ХИМИЯЛЫҚ ПРОЦЕСТЕРДІҢ ЭНЕРГЕТИКАСЫ ЖӘНЕ БАҒЫТЫ


Дәріс жоспары



        1. Химиялық термодинамиканың негізгі түсініктері мен анықтамалары.

        2. Реакцияның жылулық пәрмені.

        3. Қосылыстардың түзілу жылуы.

        4. Химиялық реакциялардың жүру заңдылықтары мен бағыты.

Химияның негізгі міндеттерінің бірі химиялық процестің жүруі мен динамикалық сипатын зерттеу. Бұл ілімді игеру химиялық және физика-химиялық процестердің жүру мүмкіндігі мен бағытын алдын ала болжауға, энергетикалық пәрмендер мен энергия шығынын есептеуге, сол сияқты кейбір жағдайлардағы қажетсіз реакциялардың алдын алуға, қайсыбір жабдықтардағы ақауларды болдырмауға мүмкіндік береді.




Химиялық термодинамика туралы түсінік

Химиялық термодинамика химиялық реакциялар кезіндегі энергияның түрленуін және химиялық жүйелердің пайдалы жұмыс жүргізу қабілеттілігін зерттейді. Қарастыру сәтіндегі термодинамикалық амал әрекеттесуші заттардың тек бастапқы (әуелгі) және соңғы күйін ғана қамтиды, ал процестің жүріп өтетін жолын және процестің уақытпен сәйкестікте дамуын ескермейді.


Зерттеу ыңғайлы болуы үшін қарастыратын нысанды қоршаған ортадан (кеңістіктен) оқшаулау керек.
Жүйе деп әрекеттесуде болатын және қоршаған ортадан нақты немесе шартты шекара арқылы бөлінген денені немесе денелер жиынтығын атайды. Жүйеге енбей қалғанның бәрі оның қоршаған ортасы болады.
Жүйені әртүрлі белгілер бойынша жіктеуге болады:
1. Егер жүйе мен оны қоршаған ортаның арасында массамен және энергиямен алмасу мүмкін болса, онда мұндай жүйені ашық жүйе дейді;
2. Егер жүйе мен оны қоршаған ортаның арасында массамен және энергиямен алмасу мүмкін болмаса, онда мұндай жүйені оқшауланған жүйе дейді;
3. Егер жүйе мен оны қоршаған ортаның арасында энергиямен алмасып, ал затпен (массамен) алмасу жүрмесе, онда мұндай жүйені жабық жүйе дейді;
4. Бірнеше фазадан тұратын жанасу беті арқылы бөлінетін жүйені гетерогенді (әртекті) дейді;
5. Жанасу беті жоқ жүйені гомогенді (біртекті) дейді.
Жүйенің термодинамикалық күйі, жүйенің барлық нүктесінде оның термодинамикалық параметрі бірдей болған жағдайда және өздігінен (жұмыс жасалмай) уақыт өтсе де өзгеріссіз қалса, оны тепе-теңдік күйі дейді.
Жүйенің барлық параметрлері байланысатын теңдеуді оның күй теңдеуі дейді:
f ( p, V, T ) = 0
Термодинамикада күй параметрлерінен басқа термодинамикалық функция деп аталатын шаманы кеңінен пайдаланады. Бұл тікелей өлшеуге болмайтын, айнымалы шама және ол күй параметрлеріне тәуелді. Термодинамикалық функцияның екі түрі болады: күй функциясы және процестің функциясы.
Жүйенің күй функциясына (сипаттамалық функциясына) процесті жүргізу жолы мен әдісіне тәуелсіз жүйенің тек әуелгі және соңғы күйіне тәуелді болатын (ішкі энергия U, энтальпия H, энтропия S, Гиббс энергиясы G және Гельмгольц энергиясы F) өзгерістер жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   189




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет