«Бекітемін» Экономика және басқару


Баға белгілеуді мемлекеттік реттеу әдістері



бет30/71
Дата05.02.2022
өлшемі0,93 Mb.
#25735
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   71
2. Баға белгілеуді мемлекеттік реттеу әдістері.
Бағаларды мемлекеттік реттеудің тікелей және жанама әдістері қолданылады. Қалыптасқан бағалар деңгейіне мемлекеттің тікелей араласуы – бұл бағалар қозғалысы, құрылымы, деңгейін қалыптастыруға, баға белгілеудің белгілі бір ережелерін бекітуге мемлекеттің қатысуы. Баға белгілеу процесіне мемлекеттің тікелей араласу формалары:

  • Бағаларды жалпы бір қалыпта ұстау немесе белгілі бір тауар түрлеріне бағаларды қалыпта ұстау

  • Тұрақты тарифтер мен бағаларды белгілеу

  • Максималды және минималды баға деңгейінің шегін белгілеу

  • Рентабельділіктің шекті нормативін белгілеу

  • Қамтамасыз ету-сатып өткізу және сауда үстемелерінің шекті мөлшерін белгілеу

  • Биржалық және биржалық емес айналым үшін мемлекеттік сектордағы тауарларға бағаның шекті деңгейін енгізу

  • Бағаларды декларациялау

  • Басты өнім түрлері бойынша ұсыныс бағаларын енгізу

Баға белгілеуге жанама араласу әдістері нарықтағы тауар ұсынысын кеңейтуге, тұрғындар табысын басқаруға, өндірілетін және тұтынылатын өнімдерге салықты реттеуге жағдай жасайтын тәсілдер мен әдістер жиынтығының қолданылуымен қамтамасыз етіледі.
Баға белгілеуді жанама реттеу әдістеріне келесілер жатады:

  • Жеңілдік салық салуды қолдану

  • Жеңілдік несие беру

  • Мемлекеттік бюджеттен субсидиялау және дотациялау

  • Бәсеке мен кәсіпкерліктің дамуына жағдай жасау

  • Тұтыну тауарларын өндіруді, тұрғындарға көрсетілетін қызметтерді кеңейтуді, мемлекеттік бюджет есебінен тұрғын үй құрылысын көбейтуді дамыту бойынша арнайы үкіметтік бағдарламаларды жасау

  • Жаңа өнім түрлерін өндіруге және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге мемлекеттік қаржыландыру

  • Біріккен кәсіпорындар құру, елге шетел инвестицияларын тартуды мемлекеттік ынталандыру

  • Елдегі тапшылық тауарларына жеңілдік баж салығын және кеден тарифтерін тиімді пайдалану





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет