«Бекітемін» Экономика және басқару



бет32/71
Дата05.02.2022
өлшемі0,93 Mb.
#25735
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   71
Бухгалтерлік тұжырымға сәйкес өнімді өндіруге кеткен шығындар нақты сатып алу бағасындағы жұмсалған ресурстардың құны ретінде анықталады.

  • Экономикалық тұжырымға сәйкес өндіріс шығындары белгілі бір ресурстарды пайдаланудың барлық мүмкін болатын альтернативті бағыттарының ішінен ең тиімдісін таңдау жолымен тауарлардың құны ретінде анықталады.

    Кәсіпорын үшін тауар бағасының құрылымындағы негізгі элемент - өнімнің өзіндік құны болып табылады. Өзіндік құн дегеніміз өнімді өндіруге және сатып өткізуге кеткен шығындардың ақшалай формасы. Өзіндік құнға енгізілетін шығындар құрамыкөптеген жағдайда мемлекеттің салық саясатымен анықталады. Шығындардың кейбір түрлері белгіленген тәртіппен бекітілген нормалар шегінде өзіндік құнға енгізіледі. Кәсіпорында нақты бағаны белгілеуде өнімнің өзіндік құнының калькуляциясы кұралады. Калькуляция баптарының тізіміне келесілер енгізілген:

    • Шикізат және материалдар

    • Қайтарым шығындары

    • Басқа кәсіпорындар мен ұйымдардың сатып алу бұйымдары, жартылай фабрикаттар және өндірістік сипаттағы қызметтер

    • Технологиялық мақсаттағы отын және энергия

    • Өндірістік жұмысшылардың еңбек ақысы

    • Әлеуметтік мақсаттағы шығындар

    • Жалпыөндірістік шығындар

    • Жалпы шаруашылық шығындары

    • Өнімнің бұзылуынан шығындар

    • Басқа өндірістік шығындар

    • Коммерциялық шығындар

    Алғашқы он бап өндірістік өзіндік құнды құрайды, оған өнімді сатып өткізуге кеткен шығындарды енгізетін коммерциялық шығындарды қосқанда, толық өзіндік құн есептеледі. Коммерциялық шығындардың құрамына упаковкалау, сақтау, тасымалдау, көлікке тиеу, жарнамалау, көрме, жәрмеңкелерге қатысу және басқа да шығындар кіреді.




    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   71




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет