Бекітілді «Ежелгі Қазақстанға саяхат» гимназия компонентінің бағдарламасы



бет6/10
Дата19.02.2023
өлшемі70,7 Kb.
#169379
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Ежелгі Қазақстан тарихы

IV-бөлім.Үйсіндер мен Қаңлылар-8 сағат
46-48. Үйсін мемлекеті.Үйсін мемлекеті - (б.з.д. VIIIғ - б.з. V ғасырда) Қазақстанды мекендеген тайпаларда мемлекеттіктің алғашқы белгілері болды.Бұлар сақтардың этномәдени мұрагерлері үйсіндер болатын. Қазақ мемлекеттігінің тағы бір қайнар көзі үйсіндер мемлекеті болып есептеледі. Үйсіндерде ежелгі өркениетке тән дамудың барлық белгілері байқалды. Бұл қалыпты даму белгілеріне мемлекеттік билік жүйесін, жазудың болғандығын, тұрақты әскерді, елшілік жоралғыларын таниды

49-50.Қаңлы мемлекеті қалалық мәдениетінің дамуын талдау. Қауыншы және Отырар-Қаратау мәдениеті деп археологтар атайтын үлкен ескерткіштері сақталған. Қауыншы мәдениеті таралған өңірде Шәушіқүм, Жамантоғай, Төребайтұмсық қорымдары зерттелді. Сол кездегі Отырар-ҚаратауЖетіасар мәдениеттеріне жататын басқа зираттардағы сияқты, өліктер киімімен, жеке пайдаланатын заттарымен қоса жерленген. Қабірлерге тамақ салып, су құйылған керамика ыдыстар бірге салынған.
51-52.Қаңлы мемлекетінің қоғамдық құрылысымен танысу.Қаңлы мемлекетін кім басқарады.Бес кіші патша деген кім.Заң жинағы қандай роль атқарғанын түсінеді.
53-54.Үйсіндермен Қаңлылардың материалдық мәдениетінің ерекшеліктері Қарғалы тәтісі - Жетісуды мекендеген ежелгі тайпалардың зергерлік бұйымы. 1939 ж. Қарғалы сайының 35, ені 4,7 см екі тік бұрышты алтын пластина түрінде жасалған. Онда бұғының, ұшқан кұстың, үстіне адам жайғасқан, бұқпантайлап бара жатқан қанатты жолбарыстың таң каларлық бейнелері бар. Барлық мүсіндердің соншалықты шеберлікпен әсем какышталып жасалғаны таңдай қақтырады. Бірақ айтарымыз бұл ғана емес. Әшекейлі тәтіде қанатты ат және үстіне адамды отырғызып алып жүгіріп бара жатқан айдаһар тейнеленген. Олардың төбесінен құс (қаз бен үйректің біріне ұқсайды) ұшып барады. Бұлардан басқа таутеке, аю, арқарға мініп, қолына гүл ұстаған адам бейнелерімен танысады
55.Үйсіндермен Қаңлылардың рухани мәдениетінің ерекшеліктер.Өлеңдегі «Ху биін билеген қыздың тегі қаңлыдан, Келіп еді шығысқа, талмай асып сан қырдан» деген жол­дардан шығармаға арқау болған биші қыздың қайдан келгендігі бір­­ден анық айтылып тұр. Осындағы қаңлы деп отыр­ға­ны ежелгі заманғы Қаңлы мемлекеті. Ол мемлекеттің сол замандағы орны Сырдарияның солтүстігіндегі Тұран­­ның кең-бай­тақ ырысты өлкесі еді. Қаң­лы­лар Қытай жылнамаларында б.з.б ІІІ-IV ғасыр­лардан бастап кездесе­тінін біледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет