27
МОДЕЛЬДЕУ
Қалыптастырылатын дағдылар:
басқалармен жұмыс істей білу;
креативтілік;
ойлау, шешім қабылдау.
Жалпы сипаттама
Бұл шығаршылық рөлдік ойын – оқушыларды белгілі бір сұрақты талқылауға немесе
ақпарат алмасуға тартудың ықпалды тәсілі.
Сыныпты жоспарлау
Қозғалуға арналған орын қажет етіледі.
Жұмыс алгоритмі
1. Моделдеу барысында оқушылар құрылымдалған ортаның аясында белгілі бір
проблемаға қатысты жауап береді, мысалы, сотқа еліктеу, парламенттік тыңдау, кеңестің
отырысы, үйлестіру кеңесі. Ортақтастықты күшейтіп, мәселе төңірегінде бірлесіп толғануды
дамыта отырып, өз көзқарасын, пікірлері мен құндылықтарын айтуда бұл тәсіл өте қолайлы.
Алайда, бұл күрделі, қиын үдеріс, себебі ол көп дайындықты қажет етеді. Сөз болатын оқиға
өзекті болуға тиіс, әрі оны жүзеге асыруға мүмкіндік болғаны жөн, сондай-ақ оқушылар
өздерінің рөлдік ойындарын ойнауды бастамас бұрын, топтық модельдеу арқылы олардың
өзіне деген сенімін күшейтіп, өз рөлдерін ойнау үшін қолайлы аймақ ұсыну үшін тиісті
ақпаратпен қамтамасыз етілуі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: