Бүгінгі күні біздің қоғамға проблемаларды шеше алатын, шешім қабылдайтын



Pdf көрінісі
бет23/250
Дата28.11.2022
өлшемі5,73 Mb.
#160138
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   250
Байланысты:
методы обучения Дадли

 
 
 
Тақырып: Қазіргі заманғы тілдер – Менің үйім (үйретіліп жатқан тілдегі сөздер)
 
Кереует, тоңазытқыш, теледидар, гардероб, перде, тұрақ, орындық, ванна, тумба. 
-
Тұрақ артық болуы мүмкін, себебі ол бөлмені білдіретін жалғыз сөз;
-
Перде артық болуы мүмкін, себебі қалған заттардың барлығында негіз бар, 
немесе олар еденде тұрады.
Бұл тапсырма мәселені балалар үйреніп жатқан тілде талқылауға ықпал етеді. 


25 
БАП (басқа адамдардың пікірлері) 
Қалыптастырылатын дағдылар: 

ақпаратты басқару; 

бірлескен жұмыс; 

ойлау, проблемаларды шешу;

шешім қабылдау. 
Жалпы сипаттама 
Бұл тәсіл оқушыларға белгілі бір сұрақтың немесе тақырыптың төңірегінде басқа 
адамдардың/оппозицияның көзқарастарына назар аударуды ұсынады. Оқушылар осы 
пікірталастың қаралатын мәселеге қатысты факторларға, салдары мен мақсатына жаңа 
көзқарастар болуы мүмкін екендігін анықтауға көмектесетіндігі туралы ойланады. 
Оқушылар белгілі бір көзқарастың онымен келісетін адам үшін қаншалықты орынды 
екендігі, өз пікіріңді басқаға қыстырмалаудың орынсыздығы жөнінде ойлана бастайды. 
Проблемаға ықпал ететін жиынтық факторларды салыстыру үшін 
«БФЕ» 
әдісін қараңыз.
Сыныпты жоспарлау 
Егер 
«Әткеншек»
тапсырмасымен қатар қолданылатын болса, онда оқушылар бөлме 
ішінде партадан партаға өтіп, топта алмасуы тиіс. Сондай-ақ оқушылар орындарында қалып, 
берілген уақыт біткен соң оқу плакатын артында отырған топқа береді. 
Жұмыс алгоритмі 
1. Мұғалім оқушылармен бірлесіп басқа адамдарды шешім қабылдау мен проблеманы 
шешу үдерісіне тартудың маңыздылығын талқылайды. Адамдардың түрлі білімдері
қызығушылықтары, түсініктері мен құндылықтары жекелеген адамдардың көзқарасын 
байытып кеңейте алады. Оқушылар тақырып аясында түрлі көзқарастар туралы хабардар 
болады. 
2. Оқушылар сынып ішінде жүріп, басқаның пікірін сұрап, оларды қағазға енгізеді. 
Әртүрлі бес пікір жинаған соң оқушылар парақтың төменгі тұсында пікірлерді жинақтайды 
да, олардың қайсысымен келісетіндігін және себебін айтады.
3. Тапсырма аяқталған соң оқушылар топтарда ауысады да, басқа топтар анықтаған 
факторларды қарайды. Олар өзара бағалау үшін 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   250




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет