22
САНАДАҒЫ КИНОФИЛЬМ
Қалыптастырылатын дағдылар:
креативтілік;
ойлау, шешім
қабылдау;
проблеманы шешу.
Жалпы сипаттама
Шығармашылықты дамытатын бұл әдіс оқушыларға сабақ тақырыбын түсіндіруде
пайдалы құрал болып табылады, сондай-ақ оларды белгілі бір сұрақ бойынша пікірталасқа,
пікір алмасуға тартуға септігін тигізеді.
Жұмыс алгоритмі
1. Оқушылар көздерін жұмады.
2. Мұғалім сыныпқа қысқа оқиғаны оқиды немесе оқушылардың алда не істейтіндерін
түсіндіреді.
3. Оқушылардан мұғалім оқып жатқан ақпаратты көз алдарына келтіру сұралады.
4. Мұғалім
ақпаратты оқуды тоқтатып, оқушылардан
оқиғаны тоқтаған жерден
жалғастырып, одан әрі дамытуды сұрайды.
5. Одан кейін оқушылар шағын топта немесе сынып алдында өздерінің «санасындағы
кинокартинада» не болғандығы туралы әңгімелейді. Бұл – мәселені талқылауды дамытудың
оңтайлы тәсілі.
6. Бұл тапсырма оқушыларға түрлі жағдайларда қандай
амал жасауға болатындығы
туралы ойлануға мүмкіндік береді. Оқушылардың
санасындағы кинофильмді
«Барлық
факторларды ескеру»
немесе
«Қосу-алу-қызықты»
тапсырмасының
негізінде құруға
болады.
Достарыңызбен бөлісу: