31
ЕКІ ЖҰЛДЫЗ, БІР ТІЛЕК Қалыптастырылатын дағдылар:
басқалармен жұмыс;
ойлау, шешім қабылдау;
өзін өзі басқару.
Жалпы сипаттама Бұл әдіс жекелеген адамдар не оқушылар тобы арасында сындарлы өзара бағалау
жүргізуге арналған. Өзара бағалаудың аталған техникасы оқушыларға өз жұмыстарын
бағалау және жақсарту қабілеттерін дамытуға көмектеседі. Ол оқушыларға тапсырмаларды
орындаудың әртүрлі тәсілдері мен қорытындыларын көруге, нәтижесінде болашақ жұмысты
өзгертуге мүмкіндік береді.
Сыныпты жоспарлау Оқушылар бөлмеде әртүрлі топтар ішінде кезектесіп ауысып отырса дұрыс болар еді.
Немесе топтағы оқушыларға жұмыс үлгілері беріледі.
Жұмыс алгоритмі 1. Оқушылар тапсырманы орындауды бастамас бұрын
«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісін
(төмендегі 3-тармақты қара) пайдалана отырып, өз жұмыстарын қарай алады.
2. Жұмысты аяқтағаннан кейін оқушылар басқа адамдардың жұмысын қарап шығу
үшін бір топтан екінші топқа ауыса алады.
3. Балалардың қолдарында стикерлер бар. Өздері қараған әрбір жұмыс үшін
оқушылар, өздерінің пікірінше, ұтымды шыққан екі аспектіні және қарастырылған жұмысты
жақсартуға бағытталған бір тілек жазады.
4. Бұдан кейін оқушылар басқалардың стикерлерге не жазғандығын оқу және
талқылау үшін өз жұмыстарына қайтып оралады.
5. Бұдан кейін олар өз жұмыстарындағы жұлдыздар мен тілектердің тізімін жасайды
да, өз жұмыстарын келесі жолы жақсартуды қалай жоспарлайтындығын қысқаша түрде
сипаттап жазады.