тикерлер топтамасы» және «
Идеялар тасқыны» сияқты ақпаратты жинақтауға арналған жаттығулардан кейін орындалатын
жаттығу болуы мүмкін. Бұл оқушылардың белгілі бір сұрақтарды белгілі бір тәртіппен
орналастырып, неге ол ретпен орналастырғанын түсіндіру дағдыларын дамытуға
жәрдемдеседі.
Басымдықты
айқындау
жөніндегі
жаттығулардан
«
Карточкалар иерархиясын » қараңыз.
Сыныпты жоспарлау Оқушылар тақтаның немесе қабырғаның жанында жұмыс істейді. Немесе топтар
үстел басында жұмыс істей алады.
Жұмыс алгоритмі 1.
Оқушыларға карточкада немесе стикерде белгілі бір сұраққа қатысты тоғыз идея
беріледі (немесе өздері алдын ала жазады).
2.
Олар өзінің бірінші басымдық берген карточкасын жоғарыға қояды, бұдан кейін екі
карточканы екінші орынға қояды, үш карточканы үшінші орынға қояды, содан соң қайтадан
екі және неғұрлым төмен артықшылығы бар карточка төменге орналастырылады. Осылай
гауһар тас пішіні пайда болады.
3.
Оқушылар бір-бірімен бітімге, келісімге қол жеткізуге ұмтылуы тиіс. Сондықтан олар
карточкалардың ретін өзара талқылап, өз пікірлерін білдіреді.
4.
«
Бес сұрақ» сияқты жаттығуды пайдалана отырып, бірінші кезектегі карточкаларды
анағұрлым толық зерделеуге болады.
Талқылауға арналған идеялар үлгісі:
Қылмыстық деңгейін қалай төмендету керек.
Қоршаған ортаның ластануын болдырмау жөніндегі шаралар.
Жолдағы қауіпсіздік.
11
ӘР АДАМ ӘРҚАЙСЫН ОҚЫТАДЫ (сондай-ақ «Біреуін аласың – біреуін бересің»
деген атпен танымал)
Қалыптастырылатын дағдылар:
бірлескен жұмыс;
ақпараттарды басқару.